Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сот тәжірибесін түсіндіру және сот жүйесіне деген сенімді нығайту туралы дөңгелек үстел

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сот тәжірибесін түсіндіру және сот жүйесіне деген сенімді нығайту туралы дөңгелек үстел

Жаңақала аудандық сотының төрағасы М. Бактыгуловтың қатысуымен Жаңақала аудандық рухани орталығында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға сот жүйесінің қызметі туралы түсінік беру, азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолдарын түсіндіру, сондай-ақ сот тәжірибесіне қатысты өзекті мәселелер бойынша ақпарат ұсыну.

Дөңгелек үстел барысында М. Бактыгулов сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі қағидаттарына тоқталып, сотқа жүгіну тәртібі, азаматтық және әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері, сот актілерінің орындалуы және сот процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсініктеме берді.

Сонымен қатар сот төрағасы күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелер бойынша азаматтардың заң талаптарын білуінің маңыздылығын атап өтті. Құқықтық сауаттылықтың жоғары болуы адамның өз құқығын дұрыс қорғауына ғана емес, құқық бұзушылықтардың алдын алуға да ықпал ететіні айтылды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сот тәжірибесіне қатысты мәселелер бойынша жауаптар алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен іс-шара азаматтардың сот жүйесі туралы түсінігін кеңейтіп, құқықтық мәселелерді заң аясында шешудің маңызын айқындады.

Мұндай кездесулер халық пен сот органдары арасындағы ашық диалогты қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және сот төрелігіне деген сенімді нығайтуға зор ықпал етеді.

Жаңақала аудандық соты алдағы уақытта да тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыра бермек.

ҚР сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Жаңақала аудандық сот әкімшісінің басшысының орынбасары          А.Мендалиев

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.