Әкімшілік істерді қараудағы процестік заңнаманың маңызы

Әкімшілік істерді қараудағы процестік заңнаманың маңызы

Қазіргі таңда азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы құқықтық қатынастардың маңызы артып келеді. Мемлекеттік органның шешімімен келіспеген, оның әрекеті немесе әрекетсіздігі өз құқықтарына әсер етті деп есептеген азаматтың сот арқылы қорғануға құқығы бар.

Әкімшілік істерді қарау барысында соттың басты міндеті – заңдылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің тиімді қорғалуына жағдай жасау. Осы ретте процестік заңнаманы дұрыс әрі біркелкі қолданудың маңызы ерекше.

Әкімшілік сот ісін жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі мұндай даулардың бір тарабы көбіне мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға болса, екінші тарабы – азамат немесе заңды тұлға. Сондықтан сот тараптардың құқықтық мүмкіндіктерінің теңгерімді болуын қамтамасыз етуге тиіс.

Соттың белсенді рөлі

Әкімшілік істі қарау кезінде сот тек тараптардың берген материалдарымен шектелмей, істің нақты мән-жайларын анықтауға бағытталған процестік әрекеттерді жүзеге асырады. Бұл ретте соттың белсенділігі тараптардың бірінің мүддесін қорғауды білдірмейді.

Соттың негізгі мақсаты – істің барлық мән-жайын жан-жақты зерттеп, заңды әрі негізді шешім қабылдау.

Мысалы, азамат мемлекеттік органның белгілі бір шешіміне шағымданған жағдайда, сот сол шешімнің қандай негізде қабылданғанын, заң талаптарының сақталғанын және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылған-бұзылмағанын анықтауы қажет.

Дәлелдеменің маңызы зор

Кез келген сот ісінде дәлелдемелердің маңызы ерекше. Әкімшілік істер бойынша да сот шешімі тиісті және жол берілетін дәлелдемелерге негізделуге тиіс.

Мемлекеттік органның актісі немесе лауазымды тұлғаның жасаған құжаты істі шешу кезінде ескерілгенімен, ол барлық жағдайда даусыз дәлел ретінде қабылданбауы керек. Сот әрбір дәлелдемені оның мазмұнына, іске қатыстылығына және заң талаптарына сәйкестігіне қарай бағалайды.

Сондықтан іске қатысушы әрбір тарап өз ұстанымын растайтын дәлелдемелерді уақтылы ұсынуға мүдделі болуы қажет.

Процестік құқықтарды білу маңызды

Азаматтардың өздерінің процестік құқықтарын білуі де маңызды мәселе. Іске қатысушы тұлға іс материалдарымен танысуға, түсініктемелер беруге, дәлелдемелер ұсынуға, өтінішхаттар жасауға, сот отырысына қатысуға және сот актісіне заңда белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Бұл құқықтарды іске асыру сот төрелігінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әсіресе заң көмегінсіз сотқа жүгінетін азаматтар үшін процестік тәртіпті түсіну аса қажет. Сот олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіре алады, алайда тараптың орнына оның құқықтық ұстанымын қалыптастырмайды. Сондықтан даулы мәселе бойынша заң талаптарын алдын ала зерделеу немесе қажет болған жағдайда білікті заң көмегіне жүгіну маңызды.

Сот актісі неге уәжді болуы керек?

Сот қабылдаған шешім тек қорытындыдан тұрмауы керек. Оның қандай себептерге байланысты қабылданғаны түсінікті болуы қажет.

Уәжді сот актісі тараптарға соттың ұстанымын түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге ол сот шешімінің заңдылығын жоғары тұрған сот сатысында тексерудің маңызды кепілі болып саналады.

Сондықтан сот актісінде істің маңызды мән-жайлары, тараптардың негізгі уәждері, зерттелген дәлелдемелер және қолданылған құқық нормалары көрсетілуі тиіс.

Заң талаптарын сақтау – ортақ міндет

Әкімшілік істер бойынша процестік заңнаманың талаптарын сақтау тек соттың ғана емес, іске қатысушылардың да міндеті. Әрбір тарап өзінің құқықтарын адал пайдалануға, сот белгілеген талаптарды орындауға және процестік мерзімдерді сақтауға тиіс.

Ал сот үшін басты міндет – заң талаптарын қатаң сақтай отырып, істің мән-жайларын объективті зерттеу және әділ шешім қабылдау.

Қорытындылай айтқанда, әкімшілік сот ісін жүргізудегі процестік нормалардың дұрыс қолданылуы азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды тетігі болып табылады. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сот актілерінің негізділігі мен уәжділігін арттыру және азаматтардың сотқа жүгіну мүмкіндігін тиімді пайдалану – құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі.

Батыс Қазақста обыстық сотының Жаңақала аудандық сот төрағасы М.Ж.Бақтығұлов

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.