Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың рөлі
Ақпараттық технологиялар — ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпараттық технологиялар сот жүйесінде де кең көлемде пайдаланылады.
Атап айтқанда, сот жүйесінде «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», «Электронды шақыру қағазы», «Сот құжаттарымен танысу», «SMS-хабарлама» сервистері, «QR-code» жүйесі, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференц байланыс арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар пайдаланылады. Сот жүйесіне ақпараттық технологияларды пайдалану - халықтың мемлекеттік қызметке қолжетімділігін арттыра түсті. Сот жүйесіндегі ақпараттық технологияларды пайдалану — сот жариялылығын, халықтың сотқа деген қол жетімділігін арттыру болып табылады. Заман дамыған сайын ақпаратқа қол жетімділік те оңай, ыңғайлы болуы, халықтың бүгінгі сұранысынан туындап отыр.
Қазіргі таңда азаматтар мен заңды тұлғаларға «Сот кабинеті» сервисі өте тиімді екенін атап өткен жөн. Кез-келген уақытта электронды түрде арыздарды, талап арыздарды, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдап, сотпен шығарылған сот актілерімен танысып, олардың орындалу барысын қадағалай алады. Және де процеске қатысушыларды сот отырысының уақыты жөнінде телефондарына қысқа мәтінде «SMS-хабарламасы» және электронды почта арқылы хабарландыру жүйесі жұмыс жасайды.
Еліміздің барлық соттары аудио-бейне жазба құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Барлық сот отырыс залдары түгел аудио-бейне жазбасының жаңа жүйелерімен жасақталған. Бұл жүйе жазылған ақпаратты бұрмалауға жол бермейді. Сонымен қатар сот отырыстары мобильді қосымшаларының көмегімен қашықтықтан қаралуда. Бұл сот отырысына қатысушылардың уақытын үнемдеу үшін жағдай жасау болып табылады.
Сонымен қатар, сот жүйесінде соңғы жылдары істердің сотқа берілуі сексен пайызға электронды түрге ауысты. Бұл қағазбастылықтың азайып, істердің мәні бойынша қаралуына көп көңіл бөлуіне, қылмыстық істе бұрмалануларды болдырмау үшін зор үлесін тигізіп жатыр.
Қорытындылай келе, сот жүйесіне енгізіліп жатырған ақпараттық технологиялар - халықтың уақыты мен қаражатын үнемдеуге, сот жүйесінің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз етуге септігін тигізетін сөзсіз.
Ақтөбе гарнизоны әскери Соты әкімшісінің бас маманы Г.Ж.Торжимбаева
[xfvalue_img]

2 пікір