«Мемлекеттік қызметкер!»
Мемлекеттік қызметшілер күні-өз ісіне адал, жауапкершілікті серік еткен мамандардың еңбегін ұлықтайтын айтулы мереке. Осындай заңдылық пен әділдіктің орнауына, сот тарихы мен құжаттардың қауіпсіз сақталуына елеулі үлес қосып жүрген әріптесім Анаргүл Қайырғалиқызы Ахонованы атап өткім келеді.
Жалпы отыз жылдан астам еңбек өтілінің жартысынан көбін сот саласында мінсіз қызмет атқарып келе жатырған әріптесім, еңбек жолында кіші қызметкерден бастап, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, сот кеңсесінің маманы болып, күні бүгін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы болып еңбек етіп келеді.
Қызметінен бөлек қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, сот ұжымының атынан спорттық, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастырған байқауларына қатысып, жүлделі орынды иеленген жетістіктері де аз емес.
Бұған қоса, Батыс Қазақстан облыстық сотымен тіл жанашыры ретінде көтермелеуге ие болып, аудармашылық қабілетін сот процесстерінде іске асырып келеді.
Қазіргі таңда, Анаргүл Қайырғалиқызы БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы соттың ведомстволық архивіне жауапты тұлға. Сот архиві - бұл тек өткен күннің құжаттар қоймасы емес, бұл мыңдаған азаматтардың тағдыры, құқықтық кепілі мен сот төрелігінің шынайы шежіресі. Анаргул Кайырғалиқызы өзінің күнделікті қызметінде мыңдаған істерді жүйелеп, әрбір құжаттың заң талаптарына сай сақталуына, Жоғарғы соттың, кассациялық соттың, прокуратураның сұраныстары бойынша істерді, басқа да мекемелерден түскен сұраныс, арыздарға жауап жолдап отырады. Оның мұқияттылығы мен іске деген тиянақтылығы сот жүйесіндегі құжат айналымының мінсіз жұмыс істеуіне негіз болып келеді.
Әріптесім Анаргул Қайырғалиқызы тек өз ісінің кәсіби маманы ғана емес, сонымен қатар әріптестері мен қызметкерлер арасында жоғары беделге ие тұлға. Жас мамандарға бағыт-бағдар көрсетіп, тәжірибесімен бөлісуден қалыс қалмайды. Мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексін қатаң сақтай отырып, сотқа жүгінген әрбір азаматқа, әріптестеріне байсалдылықпен, сыпайылықпен және заң аясында сапалы қызмет көрсетіп келеді.
Сот билігінің ашықтығы мен беделін арттыруға қосқан үлесі зор екенін атай отырып, кәсіби мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, отбасына амандық және еңбекте абырой мен толағай табыстар тілейміз.
Н.К.Мажитова
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы - сот мәжілісінің хатшысы
[xfvalue_img]
