Сот жүйесіндегі - эксаумақтық соттылықтың ерекшелігі
Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі басты қағидалардың бірі халықтың мүддесін қорғау. Сот жүйесінде қолға алынған бастамалардың, жобалардың негізгі мақсаты – азаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғау және қолжетімді қызмет көрсету болып саналады.
Сондай реформалардың бірі ретінде, біз сот жүйесіндегі эксаумақтық соттылықтың ерекшелігіне тоқталсақ.
Яғни, айтатын болсақ бір мемлекеттің соты басқа елде пайда болған азаматтық дауды қарастыра алады. Оның негізгі ерекшелігі азаматтық істерде эксаумақтық соттылық көбіне келісім негізінде жүзеге асады. Яғни тараптар өзара шартта қай елдің сотында дау шешілетінін алдын ала келісіп қояды. Бұл халықаралық келісім-шарттық қатынастарда кең таралған тәжірибе. Сот тәжірибесінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің заңнамаларына сәйкес,тараптардың мұндай таңдауы- оларға өзара келісім бойынша соттылықты өздері таңдай алатынын көруге болады.Соттың тараптардың орналасқан жерінен қашықтығы ешқандай қиындық туғызбайды, өйткені сотқа қатысушы тараптарға барлық мүмкіндіктер қарастырылғанын көруімізге болады. Айта кетсек, тараптар бейнеконференция байланысы арқылы онлайн режимінде процесске қатыса алатыны анық, ал жауапкер тараптың орналасқан жері бойынша, егер шетелдік тараптың Қазақстанда мүлкі немесе өкілдігі болса — сот ісі Қазақстанда қаралуы мүмкін. Сонымен қатар, тараптар арасындағы артық күмәнді сейілтетініде бар, өйткені келеңсіз жәйттарды болдырмас үшін тараптар өзара келісіп, істі қарау үшін басқа облыстың соттарын таңдай алады деген сөз, бұл дегеніміз, қазіргі уақытта тиімді нәтижесін беріп келетінін көріп отырымыз яғни, тоқтала кететін болсақ, БҚО, Бөкейордасы аудандық сотымен 2025 жылдың 10 айы бойынша 6 ( алты) азаматтық іс эксаумақтық соттылығы бойынша келіп түсіп, 2 (екі) азаматтық іс тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу арқылы татуласуымен, ал 4 (төрт) азаматтық іс бойынша сот шешімі шығарылып қаралған болатын.
Эксаумақтық соттылық құқықтық негізде сот жүйесіндегі соңғы жаңашылдықтардың бірі.Азаматтық процестік кодекстен орын алған бұл ұғым азаматтық іс жүргізу заңдылығын барынша жетілдіруге бағыттылғаны сөзсіз және ірбір сотқа қатысушы тұлғалардың мүддесін қорғау, ақтау, дұрыс шешім қабылдау, татуластыру әрбір сот жүйесі саласындағы қызметкерлердің жұмысы деп білеміз.
Бөкейордасы аудандық соты әкімшісінің басшысы
Қызжібек Мұратқызы Опиева
[xfvalue_img]

1 пікір