Әділет жолындағы адал қызмет
24 маусым – елімізде Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Бұл – заң мен әділдікке қызмет етіп жүрген жандарға алғыс айтып, олардың еңбегін бағалайтын маңызды күн.
Сот жүйесінде жұмыс істеу – бұл жай ғана кәсіп емес, бұл – жүректен шыққан шақыру, үлкен жауапкершілікті, табандылықты және адамгершілікті талап ететін күрделі жол. Себебі бұл салада жіберілген бір ғана қателік адамның тағдырына әсер етуі мүмкін. Әр шешім – бір өмір, әр іс – үлкен сенім.
Судьялар, сот хатшылары, көмекшілер, мамандар, архив қызметкерлері – барлығы бірлесіп әділеттілік орнатуға үлес қосады. Олар көрінбей, сырт көзден тыс жұмыс істейді, алайда дәл осы жандардың арқасында қоғамда заң үстемдігі сақталып тұр.
Сот жүйесіндегі жұмыс адамның шыдамын, рухын, әділдікке деген адалдығын сынайды. Бұл – күнделікті күйзеліс, ауыр істер, адам тағдырлары, тоқтаусыз ағымдағы құжаттар, мерзімге үлгеру, эмоцияны ішке бүгу. Көп жағдайда бұл саладағы қызметкерлер отбасын кейінге ысырып, түнге дейін жұмыста қалып, демалыссыз еңбектенеді.
Бірақ, соған қарамастан, бұл салада мыңдаған адам адалдықпен, жауапкершілікпен еңбек етіп келеді. Себебі олар сенеді – әділеттілік өмір сүруі керек. Және оны қорғау – әр сот қызметкерінің борышы.
Бұл күні барлық сот жүйесінің қызметкерлеріне денсаулық, төзімділік, ішкі күш-қуат пен жылулық тілеймін. Еңбегіңіз еленіп, бағаланып, жұмысыңыз тек кәсіби қанағаттану ғана емес, қоғам тарапынан да құрметке ие болсын.
Судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі құтты болсын!
Сіздер – заңның тірегі, әділеттің қорғанысыздар!
Астана қаласының ҚІЖМАС бас маманы
Назгүл Рахымжанова
[xfvalue_img]

6 пікір