Мемлекеттік  қызмет -  елдің мүдесіне  адал еңбек

Мемлекеттік қызмет - елдің мүдесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет- бұл адамдардың әлеуметтік қызметінің бір түрі. Бұл ұғым меншік нысандарының тәуелділігіне байланысты, адамдардың органдар, мекемелер, бірлестіктердегі, ұйымдардағы  қызметті  жүзеге  асыруларына және  қызметкердің функцияларын орындау сипатына  қарай мемлекеттік және  мемлекеттік  емес болып бөлінеді.

Мемлекеттік қызмет- мемлекеттік  қызметшілердің  мемлекеттік  органдардағы  мемлекеттік биліктің  міндеттері мен  функцияларын  іске  асыруға   бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Мемлекеттік қызметші- мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті  атқаратын және мемлекетің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республиксыының азаматы.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы болып табылатын жаңа Әдеп жөніндегі кодексі, бұл- жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды құжат. Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық- этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау манерінің базалық стандарттарын бекітеді. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық сияқты критерилерді ұстану керектігі басты орында тұрады.  

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен сыбайлас жемқорлықтың бетін қайтаруы бірін-бірі толықтыратын фактор болып табылады. Сондықтан мемлекетік органдардың осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істеуі бүгінгі күннің талабы болмақ. Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеті- мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы,ол өз қамы үшін емес, мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек. Заң талаптарынмен толық сәкестікте өмір сүріп, кез келген орында, кез келген лауазымды қандай жағдай болса да халықтың сенімін жоғалтпай, әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстауға тәрбиелеу қажет .

Ғабит Сакауов

Ақжайық аудандық сотының әкімшісінің

аға сот приставы Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.