Интернет алаяқтық фактілері

Интернет алаяқтық фактілері

Бүгінгі күні кең тараған қылмыстардың бірі – ол алаяқтық. Ғаламтор арқылы адамдарды сан соқтыратын алаяқтардың айласы күн сайын түрленіп жатыр. Адамзат баласына материалдық және моральдық тұрғыдан әжептеуір зиянын әкелетін осындай қылмыc түрі - алаяқтық фактілері соңғы кездері жиі тіркелуде.

Алаяқтық – бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену болып табылады. Компьютер, смартфон, планшеті бар кез келген адамның кез келген уақытта ақпараттық жүйенің, соның ішінде интернет алаяқтардың құрбанына айнала алатынын ескеру керек.

Мамандар сақ болу қажеттігін қанша ескертсе де, ақпараттар үнемі, үзбей берілсе де сан соры қалып жатқан қала тұрғындары жетерлік.

Алаяқтар түрлі әдісті меңгерген. Сауатты әдемі сөйлеп, адамды шатастырады. Сақтық үшін адамдар сілтемелерге кірмеу және жеке мәлімет сұрайтын сауалнамаларды толтырмауы керек. Алаяқтыққа жол бергендер көбінесе үйінізге сәнді жиһаз жасап әкеліп беремін немесе ұялы телефоныңызбен хабарласамын, өзге де сылтаулармен азаматтарды алдап арам ойларын жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда ең кең тараған алаяқтықтың қауіптісі – ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр. Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады. Жиі кездесетін түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай –ақ өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр.

Интернет алаяқтардан  сақ болудың қарапайым қауіпсіздің шаралары: дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, ақша аударымдарын жүзеге асырмауға кез келген сілтеме бойынша өтпеуге тиіс.

Сол себепті азаматтардың алаяқтарға алданып қалмаулары, жалған телефон шалушылардан сақ болып, телефон шалған бейтаныс тұлғаларға ешбір жеке бас деректерін айтпауы қажет.

Д.А.Утилиева 

Орал қалалық сотының бас маманы

    

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.