Жасайбер Тәуелсіздігім!

Жасайбер Тәуелсіздігім!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Қазақстан –қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауына талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың бірі.

16-желтоқсан –ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

Тәуелсіздігіміздің арқасында бүгінге дейін көптеген жетістіктерміз бар.Осындай берекелі елде тұру әрбір қазақстандық үшін үлкен бақыт.

Тұтас бір дәуірлердің куәгері болған біздің халық өз дамуында көпғасырлық күрделі жолдан өтті.Әл-Фраби айтқан екен, мемлекет те адам сияқты өз өмірінде екі табалдырықтан аттайды. Біріншісі –өмірге келуі, екіншісі –ересек өмірге қадам басуы. Осы кезеңдердің әрқайсысы қайталанбайтын әрі қымбат кезең болып саналады,-деді тұңғыш елбасымыз.

Көшпелі ата-бабамыз өз өркениеті мен төл мәдениетін сақтап қалып, өз мемлекеттігін қалыптастырды. Мемлекеттілік-қазақ халқы үшін ұзақ жылдардағы асыл арман мен асқақмұраттың жемісі еді. Тарихтың қатпар бетін парақтап, тым тереңдемесекте, Керей мен Жәнібекті ақ киізге көтеріп, хан сайлаған кезеңненбері де сан түрлі соқтықпалы-соқпақты жолдардан жүріп өттік.

Тәуелсіздік-ұлы мұрат, қастерлі ұғым.Себебі қаншама халық бұл айтулы күнге жете алмастан тарихи сахнадан біржола жоғалды. Елім деп елдігі үшін, жүрегі  отан соққан әр азамат тәуелсіздігін ұмытпауы тиіс. Сан ұлтпен-ұлыстың бас қосқан егемен елімізде бейбітшіліктің таңы әрдайым атып, тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктеуге өз үлесімізді қосуға тиіспіз.

Мұндай тарихи маңызы зор оқиға еліміздің халықаралық деңгейдегі талассыз беделінің арқасында келгенін және қазақ дипломатиясының сыртқы саясаттағы табысты еңбегінің нәтижесі деп білеміз. Еліміздің нығайып халықаралық беделінің өскенін көрген әрбір қазақстандықтың кеудесінде мақтаныш сезімі пайда болады. Қазір іргелі тәуелсіз ел, демократиялық дәстүрді берік ұстанған қуатты мемлекет айналдық.

Орал қаласының мамандандырылған

тергеу соты әкімшісінің бас маманы            

Уюмдасова Альмира Аскаровна

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.