Мемлекеттік қызметші болу үлкен жауапкершілік
Мемлекеттік қызметші өз елінің ресми өкілі және мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы айнасы. Мемлекттік қызметші бірінші кезекте ұлттық мүдені басшылыққа алып және басқа ел алдында оң имиджін қалыптастыруға атсалысулары қажет.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметші «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне» сәйкес қызмет бабында немесе өз ортасында осы аталған кодекстерінің талаптарын бұлжытпай орындайды. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметшінің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын-алуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметші тек қоғам алдындағы әдебінен бөлек әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста өзін адамгершілік, парасаттылық тұрғыда көрсетіп, өзінің мінез –құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке адамның қадыр-қасиетін жоғары қоюшы тұлға ретінде танылуы тиіс. Мемлекеттік қызметші тек қызмет бабында емес әркез жұмыстан тыс уақытта өзінің мемлекеттік қызметші деген лауазымды атағына кір келтірмеуі тиіс. Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі - қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын-алу, жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу болып саналады.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында «өте жоғары этика мен кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылады» деп атап көрсетілген болатын. Сондықтанда бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді.
Мемлекеттік қызметшіге жүктелген міндет – халықтың сенімін ақтап, Отанға қалтқысыз қызмет ету. Сондықтан ел ертеңі жарқын болсын десек өз ісімізге жауапкершілікпен қарау қажет.
Қаженов Руслан Сайфетдинұлы
Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық соты әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]