Мемлекеттік тіл – ұлт болашағы

Мемлекеттік тіл – ұлт болашағы

Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс - берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүруі мүмкін емес, ал тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл - қоғамның жемісі.

«Тіл туралы» заңда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы» - делінген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты - оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық көрсетілген, Ата Заңымыздан туындаған «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз - тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру.

Қазіргі заман талабына сай қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатқаны аян. Осындай оңтайлы көзқарастың бүгінгі таңдағы сот жүйесіне де өз ықпалын тигізгені айқын. Соның нәтижесінде Казталов аудандық сотында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен сапасын көтеру бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

Қолданыстағы заң талаптарына сай елімізде сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер қолданылады. Сот ісін жүргізу тілі сотқа арыз берілген тілге байланысты белгіленеді. Сотқа қай тілде жүгіну, заңға сай азаматтардың өз құқығы, дегенмен мемлекеттік тілге құрмет көрсетіп, оны қолдану – әрбір қазақстандықтың міндеті.

Қаженов Руслан Сайфетдинұлы 

Батыс Қаазқстан облысы

Казталов аудандық соты әкімшісінің басшысы                

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.