Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – өзекті мәселе
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп, өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отыр. Бұл індет біздің мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністерін деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту бүгінгі таңдағы басты міндет.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» - деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, бір жұдырықтай болып сыбайлас жемқорлықпен күресуге бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Сана қалыптастыру ең бірінші отбасындағы, оқу орнындағы тәрбиеден басталады. Адамға бала күнінен жемқорлыққа төзбеушілік, парасаттылық, адалдық сынды қасиеттерді бойына сіңіру керек.
Сыбайлас жемқорлық мәселені шешудің тиімді тәсілі болғанымен, ауыр қылмыс. Мәселе туындағанда, оны басқа да қырларынан қарап шешуге тырысу керек. Шешілмейтін мәселе болмайды. Адам өзін тәрбиелеуші және білімді адам ешқашан ақшаның көмегіне жүгінбеуге тырысады. Адам өзгермей, қоғам өзгермейді.
А.Искакова, Жаңақала аудандық сот әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]