Жоғарғы Сот зейнеткердің мұрагерінің құқығын қорғады 6001-24-00-3GP/399

Жоғарғы Сот зейнеткердің мұрагерінің құқығын қорғады 6001-24-00-3GP/399

◾️ 73 жастағы зейнеткер 2000-2021 жылдар аралығында жасы бойынша зейнетақы алған.
◾️ Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде төтенше радиациялық қауіпті аймақта тұратыны туралы Семей облысы Бесқарағай ауданының мұрағатынан анықтама берген.
◾️ 2021 жылы уәкілетті органның тексеруі кезінде оның төтенше радиациялық қауіпті аймақта тұруы туралы ақпарат ішінара расталды.
◾️ Көбейтілген зейнетақыны заңсыз алу фактісіне сілтеме жасай отырып, оған артық төленген 13 миллион теңгеден астам соманы белгілей отырып, зейнетақы мөлшері қайта есептелді.
◾️ 2021 жылғы 15 шілдеде зейнеткерге артық төленген соманы қайтару туралы талап-хабарлама және құқығының жоқтығына байланысты зейнетақы төлемдерінен бас тарту туралы шешім, сондай-ақ жалпы негізде зейнетақы тағайындау туралы өтініш тапсырылған.
◾️ 2021 жылдың 16 шілдесінде зейнеткер қайтыс болған.
◾️ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұрагер ретінде жесір әйелден артық төленген зейнетақының 13 миллион теңгеден астамын өндіру туралы сотқа шағым түсірген.
◾️ Уәкілетті органның пікірінше, зейнеткердің әрекеті негізсіз баюға әкеп соғады және мұрагер мұра қалдырушының міндеттері бойынша жауап беруі тиіс.
◾️ Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты, апелляция министрліктің талабын қанағаттандырып, бұл шешімнің күшін жойған.
◾️ Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы істі қарай отырып, мынаны көрсетті:
- зейнеткер аса радиациялық қауіпті аймақта тұратынын растайтын мұрағаттық анықтаманы ұсынған;
- кейіннен мұрағаттық мәліметтер ішінара расталмаса, бірақ жалған мәліметтер беруде зейнеткердің кінәсі анықталмаса, мұрағаттық анықтамалар мемлекеттік мұрағатпен қамтамасыз етілді және зейнетақы тағайындалғанға дейін талап қоюшымен тексерілді;
- Азаматтық кодекске сәйкес, азаматқа оның тарапынан арамдық болмаған жағдайда, күнкөріс құралы ретінде берілген ақша сомасы, оның ішінде зейнетақы қайтаруға жатпайды;
- апелляция жесір әйелге артық төленген зейнетақыны өтеу міндетін негізсіз жүктеген.
◾️ Жоғарғы Сот, егер мұра қалдырушының залал келтірудегі кінәсі анықталмаса, мұрагерлер оның міндеттемелері бойынша жауап беруге міндетті еместігін көрсете отырып, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.