Мемлекеттік тіл – ел айнасы

Мемлекеттік тіл – ел айнасы

Мемлекеттік тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Елдігімізді айшықтап, мемлекеттігімізді нығайту жолында ана тіліміздің рөлі зор. «Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ» деп Алаш арысы Мағжан Жұмабаев айтқандай, халқымыз үшін ұлттық тіліміз қастерлі.

Әр адам дүниеге келген сәтінен бастап ана тілінде анасының әлдиін тыңдап өссе, өз тілінде ертегі, аңыздарды, тарихи әңгімелерді естіп өссе, рухы мықты, елін, жерін сүйетін тұлға болып қалыптасары сөзсіз.

Қазіргі уақытта ұл-қыздарына ұлттық тәрбие беріп, өз ана тілінде білім алуына жағдай жасап отырған жас отбасылардың қатары көбейгені қуантады. Мектептерде қазақ сыныптарына баратын балалардың саны жыл сайын артып келе жатқаны – туған тіліміздің болашағының кепілі.

Тіл – атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын асыл мұра десек, қазақ тілінің жарқын келешегіне деген сеніміміз мол.

«Ана тілі - халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі» - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, қазақ тілі - тарихы терең, сөздік құрамы заман ағымына сай толығып, жетіліп отырған тіл.

Қазақ тілі – көркем, қуатты тіл. Қазақ тілінің әдеби тілі өте бай. Алайда тілімізді шұбарлап сөйлеу мәселесі әлі де өте өзекті деп есептеймін. Туған тілін біліп қана қоймай, таза, көркем, шешен сөйлеуге әр адам мән беруі керек. Ауызекі сөйлеу тілінің өзге тілдің сөздерімен, жаргон, сленг сөздермен шұбарлануы тіліміз үшін қауіпті екенін түсінуіміз керек.

Қазіргі уақытта орыс, ағылшын сөздерімен араласқан қазақ фильмдерінің көбеюі де ойланарлық жағдай, сондықтан да ана тіліміздің таза болуына насихатты күшейту – басты міндетіміз.

Тіл – ұлттың жаны. Тіліміз барда, ұлтымыз мәңгі жасай бермек, елдігіміз нығая бермек.

Гульмира Темиргалиева

Астана қаласының мамандандырылған

ауданаралық тергеу сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы                  

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.