Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану

Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану

Меншік құқығы – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын оған тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеу кезеңінен бастап туындайды.

Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі ҚР Азаматтық процестік кодексінің 43-тарауында көзделген.

Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану 3 сатыдан тұрады:

- уәкілетті органның жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда осы мүліктің есепке алунуы;

- есепке алынған уақыттан бері бір жыл өтуі;

- уәкілетті органның сол мүлік орналасқан жердегі сотқа жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арыз беруі.

Егер, бұл талаптар сақталмаған жағдайда сот арызды қайтарады.

Коммуналдық мүлікті басқаруға құқық уәкілеттігі берілген органның жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызында:

- қандай мүліктің иесіз деп тануға жататыны;

- оны кім және қалай анықтағаны;

- оның иесіз ретінде қай уақытта есепке қойылғаны көрсетілуі;

- меншік иесінің оған меншік құқығын сақтау ниетінсіз осы мүлікті тастап кеткені туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуі тиіс.

Сот талқылауына істі дайындау, арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.

Істі сот талқылауына дайындау кезінде сот:

- қандай адамдар (меншік иелері), іс жүзіндегі иелері және басқалары мүліктің тиесілігі туралы мәліметтерді бере алатынын анықтайды;

- қолда бар мәліметтер туралы тиісті ұйымдардан жауап алады;

- сондай-ақ АПК-нің 165-бабында көзделген барлық процестік әрекеттерді жүргізеді.

Сот жылжымайтын мүліктің меншік иесінің жоқтығын не оның меншік құқығын сақтау ниетінсіз тастап кеткенін және белгіленген тәртіппен есепке алынғанын тани отырып, жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығын тану туралы шешім шығарады.

Нұргүл Жаңабергенқызы

Астана қаласының азаматтық істер

жөніндегі ауданаралық сотының судьясы       

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.