Мемлекеттік тіл
Ақжайық аудандық сотының мамандар арасында «Мемлекеттік тіл-қазына» тақырыбында отырыс өтті.
Отырысты сот әкімшісінің басшысы А. Нұрым тақырып бойынша ашып, 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республика аумағындағы тілдердің қолдануының құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мәртебесі белгіленгенін, сондықтан рухымызбен бірге тіліміздің тұғыры да биіктеуі шарт деп, Еліміздің мемлекеттік тілі мемлекет аймағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін, іс қағаздарын жүргізу тілі екенін айқындау жолында іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын және мемлекеттік тіл ұлттық қазына деп бағалап әрдайым оны қастерлеу, дамыту міндет екенін айтып жеткізді.
Қатысушылар шара соңында тақырып бойынша пікірлерін жеткізіп, мемлекеттік тілді құрметтеу және оны дамытуға үлес қосу орындауға алынды.
Ақмарал Нұрым
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]