«Қазақстан Республикасындағы әйелдер құқықтары»
Қазіргі уақытта бүкіл әлемде тарихи қалыптасқан ер адамдардың әйелдерден үстем болуы өзгерістерге ұшырауда. Мемлекет Елбасының тікелей қолдауымен құқық қорғау, әйелдер мен еркектердің құқықтарын бақылау және қайта құру бойынша институттар құруда және дамытуда, дөңгелек үстелдер, өңірлік және халықаралық сипаттағы конференциялар өткізуде.
Гендерлік саясат негіздері 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген, өйткені ол Республика дамуына әйелдердің адами капиталын толық тарту үшін мүмкіндіктерді ашты.
Конституцияның 14-бабында заң мен сот алдында барлық азаматтар тең екендігі жазылған. Ешкімге кемсітушілікке, соның ішінде жыныстық белгі бойынша кемсітушілікке жол берілмейді. Негізгі Заң Қазақстан Республикасында құқықтық, саяси, әкімшілік және мемлекеттік жүйені қалыптастырудың негізгі принциптері мен критерілерін құрды.
2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 Үкімет Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат тұжырымдамасы мақұлданды. Ол біздің еліміздегі гендердік саясаттың негізгі бағыттарын анықтады.
Одан әрі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 ж. 29 қарашадағы № 1677 Қаулысымен 2006-2016 жылдарға Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді (бұдан әрі - Стратегия).
Стратегия 2006 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтар мен мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткізу бойынша міндеттерді шешуді қарастырады.
Гендерлік теңдік – әйелдер мен еркектердің тең құқықтық мәртебесі және тұлғаларға жынысына қарамастан өмірдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени салаларына қатысу үшін өз қабілеттерін еркін қолдануға мүмкіндік беруші тең мүмкіндіктер; әйелдер мен еркектердің қоғамдың өмірдің әлеуметтік, саяси және экономикалық салаларында мүмкіндіктерге, ресурстарға және сыйақыларға тең ие болуды ұйғарады.
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында еркектер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында белгілі бір оңалысқа қол жеткізді. Қазақстандық гендерлік саясатты құру кезінде адам, отбасы құқықтары және гендерлік теңдік саласындағы табысты халықаралық тәжірибелер, БҰҰ бағдарламалық құжаттары қолданылды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қорғауға бағытталғын заңға қол қойды.
Гендерлік теңдікті іске асыру БҰҰДБ-ның негізгі міндеттемесі болып табылады. Ұйым әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мен гендерлік теңдіктің әрбір әйел мен қыз толық гендерлік теңдікті пайдаланып, оларды кеңейту жолындағы барлық заңи, әлеуметтік және экономикалық кедергілер жойылған адам құқықтары мен адам тұлғасының қадір-қасиетін жаппай құрметтеу әлемін құруды көздейтін 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне қол жеткізу үшін аса маңызды екенін мойындайды.
БҰҰДБ-ның Стратегиялық жоспарымен сәйкестендірілген БҰҰДБ-ның 2022–2025 жылдарға арналған гендерлік теңдікті қамтамасыз ету стратегиясы осы міндеттемелерді орындауда маңызды рөл атқарып, гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтарын кеңейту саласындағы прогресті жеделдетуде елдер мен қауымдастықтарға қолдау көрсетуге бағытталған. Ол мемлекеттік мекемелерге кедейлік пен теңсіздік, басқару, тұрақтылық, қоршаған орта, энергия және гендерлік теңдік мәселелері бойынша алты шешім арқылы теріс гендерлік нормаларды әлсіретуге бағытталған жаңа буын саясатын жүргізуде қолдау көрсетуге бағытталған.
Тең құқықтар мен мүмкіндіктерге қол жеткізу мақсатында заңнаманы жетілдіру және гендердік теңдікті қамтамасыз ету институттарын құру, әйел құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырылуда.
Қазақстандық гендерлік саясат іске асу және одан әрі табысты табу шыңына жетті.
Осылайша, әйелдер мен еркектерді жыныстық белгісі бойынша емес, саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени бағыттағы әлеуеттік мүмкіндіктерге ие және мемлекеттік гүлденуі мен дамуына қажетті үлес және пайда әкеле алатын адами ресурс, тұлға ретінде қарау қажеттігін ұмытпаған абзал.
Айнур Амеркенова
Алматы гарнизоны әскери сотының
бас маманы - сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]