Сыбайлас жемқорлықты болдырмау басты міндет
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарын түсіндірді, сондай-ақ күнделікті жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлық туғызуға негіз болатын жағдайларды болдырмауға күш салысуымыз қажет.
Судья әдебінің кодексінің талаптарын түсіндірді және судья берген антына берік болуы, қоғамдық қызмет пен тұрмыстық жағдайда кез-келген әрекеттерді жүзеге асырған кезде, әдепсіз жүріс-тұрыстың көріністеріне жол бермей, судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға, сондай-ақ, заң үстемділігін және сот органдарының тәуелсіздігі қағидаттарын қорғауға және жүзеге асыруға, сот билігінің беделін түсіруге әкеп соғуы және судьяның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген іс-әрекеттерден аулақ болуға тиіспіз.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын түсіндірді және әлеуметтік желілерде жалған ақпаратты (алкоголь және темекі өнімдері, қымбат зергерлік әшекейлер, автомобильдер мен жылжымайтын мүліктері бар, сондай-ақ жалаңаш күйінде жеке фото және бейне материал) орналастыруға жол бермеуі, посттарды орналастыру және түсініктеме беру кезінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау басты міндетіміз.
А.Искакова
Жаңақала аудандық соты
Әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]