Мемлекеттік қызметшілердің этиканы сақтауы – басты құндылық
Әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндетті – мемлекет пен қоғам тарапынан білдірілген сенімді адал атқару болып табылады. Әдептілік пен этиканы сақтау – мемлекеттік қызметтің ең негізгі қағидасы. Мемлекеттік қызмет жүйесін нығайтуда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен этиканы ұстануы өте маңызды рөл атқарады.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің моральдық бейнесіне, әдептілігіне және этикасына жоғары талаптар қойылады. Жалпы, этика дегеніміз – тәртіпті сақтау ережелерінен және белгілі бір нормалармен реттелетін қағидалардың жиынтығынан тұрады.
Мемлекеттің қызметшілердің өзін-өзін ұстауы, іс-әрекеті, қызметтік әдебі әркез халықтың назарында болып, тиісті дәрежеде бақыланады.
Мемлекеттік қызметшілер әріптестерінің ортасында сыйлы болып, қызметтік қарым-қатынас кезінде ынтымақтастықты орнату арқылы өзіне жүктелген міндеттерді уақытылы әрі тиянақты орындауы қажет.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексі қабылданған болатын, осы кодекстің ережесіне сәйкес, еліне қызмет етуші маман барлық күш-жігерін кәсіби біліктілігін арттыруға, білімі мен тәжірибесін жетілдіруге бағыттауы керек.
Мемлекеттік қызметшілер – қоғам айнасы, мемлекет атынан қызметтер көрсететін жауапты тұлға болғандықтан, жұмыстан тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстана отырып, арнайы қабылданған кодекстің талаптарын сақтауға тиісті.
Мемлекеттік қызметші іскерлігі мен ізеттілігінің арқасында мемлекет пен қоғам арасын жақындата отырып, халықтың мемлекеттік органға қатысты сенімін оятады.
Тәуелсіз көк аспанымыздың астында көптеген ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді, ұлтаралық қақтығыстарды тудырмай, бірлік мен татулықты сақтау қағидасы да мемлекеттік қызметшілердің атқаратын қызметтерінің қатарына кіреді.
Мемлекеттік қызметшілер әріптестерінің ортасында, үлгі тұтарлықтай қасиеттерге ие болып, жұмыс барысында, әділ, әдепті, сауатты, шынайы болуға міндетті.
Еліміздегі еркіндекті сақтап, жарқын болашақты қалыптастыру – жалынды жастардың қолында. Қазақстан Республикасының қарқындап дамуы үшін мемлекеттік қызметшілер бүгінде қажырлы түрде аянбай еңбек етуде. Халқына қалаулы, еліне елеулі мемлекеттік қызметшілердің сот жүйесінде бой көрсетуі біз үшін үлкен мақтаныш!
Думангүл Әуесханова
Астана қаласының әкімшілік құқық
бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соты әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]