Мемлекеттік қызметші қандай болу керек
Әділдік, қарапайымдылық үлгісі, жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық және парасаттылық болуы керек.
Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу оны адамнан сапалы тұрғыдан сезінуді, шын ынта-жігерін, ен бастысы -ниет тазалығын талап етеді. Әрбір мемлекет қызметшісінің халыққа сапалы қызмет етуі мемлекеттік қызметке кір келтіретін бюрократияға, формализмге, жол бермеуінен көрінеді. Мемлекеттік қызметшінің сапалы жаңғыруына қажет басты ұстанымның бірі әділдік.
Қазақ даласындағы әділдіктің символы- білер институты. Білердің әділдік туралы әңгімелер, мақал- мәтелдер , олардың мемлекеттік ауқымдағы және күнделікті, мәселелер бойынша шешім қабылдаудағы даналығы жайында тарихтан көптеген мысал келтіруге болады:
Елің сені елесе- Еңбегіңнің жанғаны. Елің сені шенесе, көз қырына алғаны. Еңбек адамды бүтіндейді – жалқаулық адамды түтіп жейді.
Сонымен, мемлекеттік қызмет мемлекет пен азаматтың арасындағы қатынасты байланыстырушы звено болып саналады.
Мемлекеттік қызметтің міндеттерінің ішінде, негізгі болып, адам мен азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, азаматтық қоғам негіздерін нығайту саналады.
Р. Габбасов
Орал қаласының мамандырылған тергеу сотының аға сот приставы
[xfvalue_img]