Мемлекеттік тілдегі сот өндірісінің мәселелері

Мемлекеттік тілдегі сот өндірісінің мәселелері

Тіл тағдыры - тұтас ұлттың тағдыры. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», - десе, Мағжан Жұмабаев: «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ», - деген екен. Бір ғасыр бұрын айтылған Алаш арыстарының бұл сөздері дәл бүгінгі заманның да тамыр бүлкілін дөп басып тұрғандай.

 Елбасының Жарлығына сәйкес, барлық орталықтар, жергілікті атқарушы және жоғарғы билік органдары, Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет ісқағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіруі тиіс еді. Бірақ, ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру ахуалы соттармен, басқа да мемлекеттік органдарда күрделі күйінде, аудармашылардың ығында қалып отыр. Абай бабамыздың: «Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, бұл жұрттың сөз танымас бір парасы», - дегеніндей, құзырлы органдарымыздың үш тармағының бірі - сот билігі қазақ тілінде сөйлеуде әлі де әлсіздік танытып келеді.

 Ата Заң - Конституция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге кепілдік береді. «Тіл туралы» заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу тілі», - деп атап көрсетілген. Десек те, айдың-күннің аманында, тәуелсіздігіміздің 33 жылдығында тіл тағдырын қиянатқа, додаға салуды тоқтатпай келеміз. Тіл саясаты кез келген мемлекеттің ұлттық тағдырын шешетін киелі құбылыс. Мемлекеттік тілдің мәртебесі арқылы халықтың сотқа деген сенімі, сот билігінің беделі артады. Қоғамның іргелі дамуымен қатар ана тілімізді сот саласында берік орнықтыру, оның беделін көтеру мақсатында жергілікті сот кеңселерінде жұмыс ауқымын кеңейту қажет. Жергілікті соттар кеңселері іс- қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге, жалпы, құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін көтеруге, сот ісі мен ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің сапасын арттыруда.

 Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маман-сот отырысының хатшысы – Мырзаханова Алмагүл Ғаниқызы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.