Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлық – бұл адамның көздеген мақсатына тез жетуі үшін, оңай жолды таңдау арқылы Қазақстан Республикасының бекітілген заңын бұзып, ақша ұсынуы және оны өз еркімен қабыл алуы.

Сыбайлас жемқорлық сөзін «corruptio» латын тілінен аударсақ «параға сатып алу», «пара ретінде» деген мағынаны білдіреді.

Рим құқығында  «corrumpire» деген түсінік болған. Ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдіреді. Бұл бізге сыбайлас жемқорлық кез келген елді құртып, халықтың арасына іріткі салып, келешегіміздің бұлыңғыр болатынын түсіндіреді.

Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп, небір мықты қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті дерттің бірі. Сыбайлас жемқорлық басқа елдерді сияқты біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып табылады. 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Яғни, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.   

Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертпен күресуіміз қерек. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шығымы, өтініштері.

Әр адам өз-өзімен жұмыс жасауы керек, тек бас пайданың қамын емес, елдің келешегін ойлауы қажет. Саналы ұрпақты тәрбиелеп, олардың бойына адал қызмет ету, заңсыз жолмен келген ақшамен шалқып өмір сүру бақыт емес, керісінше, болашағы жарқын елде өмір сүру үлкен бақыт екенін түсіндіруі керек.   

Сондықтан да қоғамды жегідей жеп жатырған қауіпті індетпен баршамыз ат салысып, күресуіміз қажет.

Данара Уразаева 

Орал қаласының мамандандырылған

тергеу соты әкімшісінің жетекші маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.