«Қылмыстық құқықтағы бұзақылық»

«Қылмыстық құқықтағы бұзақылық»

Айыптының айналасындағы адамдарға өзін қарсы қою және оларды менсінбеу ниетінен туындаған, қоғамды және адамгершілік нормаларын көрінеу құрметтемеуді білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздығымен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті қасақана бұзуы заңға сәйкес қылмыстық жазалауға жататын бұзақылық болып танылуы мүмкін.

Қылмыстық жазалауға жататын бұзақылықтың ұсақ бұзақылықпен салыстырғанда қоғамға өте қауіпті екенін куәландыратын айрықша белгілер қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық, қоғамды көрінеу құрметтемеу болып табылады.

      Қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке адамдарға кемсітушілікпен тиісу, тұрғын үйлерді, көпшілік орындарды ластау және айналасындағы адамдарды құрметтемеуді білдіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын және жеке адамдардың мазасын алатын осындай басқа да әрекеттер күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен ұштасқан жағдайларда, олар әкімшілік құқық бұзушылықтың шегінен шығады және қылмыстық жазалауға жататын бұзақылық құрамын құрайды.

      Азаматтарға күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздығымен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасаумен ұштасқан, қоғамды көрінеу құрметтемеуді білдіретін қоғамдық тәртіпті бұзу қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық болып танылуы мүмкін. Қоғамдық тәртіпті ұзақ және қасарыса ұдайы бұзу, көпшілік шараларға кедергі келтіру, кәсіпорынның, ұйымының, мекеменің немесе қоғамдық көліктің қалыпты жұмысын уақытша тоқтату осындай әрекеттерге жатқызылуы мүмкін.

      Айналасындағы адамдарға өзін қарсы қою, оларды менсінбейтінін көрсету ниетінен туындаған, мінез-құлықтың жалпыға ортақ нормалары мен ережелерін әдейі бұзуды қоғамды көрінеу құрметтемеу деп түсіну керек.

      Жалпыға ортақ адамгершілік нормаларын әдейі елемеумен, мысалы ұйятсыздықпен, ауруды, кәріні, дәрменсіз күйдегі адамдарды қорлаумен ұштасқан бұзақылық әрекеттерді ерекше арсыздық деп түсіну керек.

      Қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың тым өрескелдігі мен бұзақылық әрекеттердің әдепсіздігінің нақты сипаты айыптау актісінде және үкімде міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қылмыстық ізге түсу органдармен айыпталушыға тағылмаған бұзақылықты саралау белгілері үкімде көрсетілуге тиіс емес.

Егер кісі өлтіруге, денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге, мысалы, қызғаныш, кек алу, жеке бас араздығы және жеке қарым-қатынастың негізінде туындаған басқа сезімдер, сол сияқты жәбірленушінің жанжал немесе төбелесті бастаған заңға қайшы мінез-құлқы себеп болса, онда олар қоғамдық орында немесе бөгде азаматтардың көзінше жасалғанына ғана байланысты бұзақылық ниетпен жасалған деп қарастырылмайды.

Бұзақылықты тағылықтан, яғни ғимараттарды немесе өзге құрылыстарды арамдауға, қоғамдық көліктегі немесе өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіруге бағытталған әрекеттер жасаудан ажырату керек. Тағылықтың салдарлары анықталғанша қоғамдық тәртіпті бұзушылық белгісіз болып қалатындықтан, тағылық кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу көрінеу өрескел сипатта болмайды және барлық жағдайларда бірдей қоғамды көрінеу құрметтемеуді білдірмейді. 

А.О. Батырханов 

Ақмола гарнизоның судьясы                                          

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.