Мемлекеттік қызметтің беделі – кадрдың біліктілігінде

Мемлекеттік қызметтің беделі – кадрдың біліктілігінде

Өткенді зерделеп, ізденіс пен іркілісті таразылау келер күнге керек. Сондықтан әр сала жылды қортындылау арқылы жұмысын жүйелейді, олқылықтардың орнын толтырып, жетістікті жалғастыруды мақсат етеді.

Астана қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінде де сот төрелігінде атқарылған жұмыстар сарапқа салынды. Атап айтқанда 2023 жылы қаралған істердің санатына көз жүгіртсек төмендегідей:

ӘҚБтК-нің 73 – бап Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы – 4369 іс;

517 – бап Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы туралы – 4279 іс;

610 – бап Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылығы туралы – 30906 іс қаралды. Сондай-ақ, сотта 2023 жылы барлығы - 55187 іс қаралған. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 46%-ға көбейіп отыр.

Қаралған істердің статистикасына жүгінсек әр судьяның жыл бойғы жүктемесі – 3679 істен немесе айына 366 іс, күніне 16-17 істен қарайтынын аңғаруға болады. Осы қаралған 55 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша «ҚР СО «Төрелік» ақпараттық талдау жүйесі» ақпараттық сот статистикасының есебін қалыптастыру тапсырылған мамандар өз жұмыстарына жауаптылықпен қарайды. Олар есепке алу құжаттарының реквизвиттерін уақтылы, толық және сапалы енгізуге мән береді. Сот актілерінің бар-жоғын тексеріп, алдыңғы айлардың  статистикалық есебімен салыстыру арқылы ағымдағы мерзімнің статистикалық құжатын қалыптастырады. «Процессуалдық мерзімдердің сақталу мониторинг» моделіндегі қамаққа алу, әкімшілік жолмен шекарадан шығару бойынша қарау мерзімінің сақталуын бақылау, сондай-ақ қаулының көшірмесін беру мерзімінің сақталуына және  статистикалық есептерді құрастыруға асқан жауапкершілікпен қарайды. Осы жоғарыда аталған міндеттерді орындау  табандылық пен  жауаптылықты және өзінің кәсіби жұмысына деген сүйіспеншілікті қажет етеді.

Сот төрелігі десе былайғы жұрт сот залында сот актісін шығаратын судьялар корпусын ғана елестетеді. Ақ пен қараны ажыратып, кінәлі мен кінәсізді анықтап, айыбын айқындайтын судьялар корпусы атты құрылымның артында судьялардан бөлек қаншама маманның еңбегі тұрғанын білмеуі де мүмкін. Осы ретте судьялардың еңбегі мен әділ сот төрелігін жүзеге асыруларын кеңсе мамандарының тынымсыз тірлігінен бөліп қарауға болмас деп ойлаймын. Міне бұл міндеттерді атқару сот кеңсесінің мамандарына жүктеледі. Сот ғимаратына келген азаматтарға жайлы жағдай жасап, күту залында келушілерге қолайлы орта қалыптастыратын, сот отырыстарының дер кезінде басталып, ондағы қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ететін, тараптардың тоқ көңілмен тарауына мәдениетті қарым-қатынаста болу кеңсе мамандарының міндеті болып табылады. Солай болуға олардың әрқайсысы да міндетті.  Себебі олар мемлекеттік қызметші болып табылатындықтан Мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларымен бекітілген ережелерге қатаң бағынады. Қалай десек те өмір болғаннан кейін әртүрлі жағдайлар болады. Адамның денсаулығы, жеке басының отбасылық мәселелері кейде оның көңіл күйіне әсер етеді. Ал көңіл күйдің тұрақсыздығы кез келген  тұлғаның  жұмысына деген ынтасына кері әсерін тигізері және еңбек қабілеті мен азаматтармен қарым-қатынас барысында мінез-құлыққа қайшы эмоциялық бұзылыстарға немесе әдеп нормаларына жат әрекеттерге соқтыруы да мүмкін. Ондай әрекеттің соңы мемлекеттік қызметшінің беделі мен абыройына нұқсан келтіреді.

Жұмысты ұйымдастыру барысында осылардың барлығын қаперінен шығармай, ұжымды бір мақсатқа жұмылдырып, мемлекеттік қызметтің беделі – кадрдың біліктілігінде екенін үнемі назарда ұстап,  «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» отырған Астана қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы Думанкүл Ғалыжанқызы Әуесханованың басшылық қабілетін атап өтуді жөн көрдім.

Бакытгүл Тоқтасынова 

Астана қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы                                                      

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.