Оқушылармен кездесу
Тасқала аудандық сот төрағасының және Тасқала ауданының білім беру бөлімінің басшысының араларындағы бекітілген оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің жоспар-кестесін орындау аясында, С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесуге Тасқала аудандық сотының төрағасы А.Б.Теберикова және 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Нашақорлық – әлемді аландатып отырған өзекті мәселенің бірі. Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық.
Кездесудің басты мақсаты кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға есірткі психотроптық заттарды, прекурсорларды және олардың аналогтарын заңсыз таратудың алдын-алу бойынша ақпарат алу деңгейін арттыру және оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларға есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, жымқыру не қорқытып алу , тұтынуға көндіру , насихаттау немесе заңсыз жарнамалау, құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру үшін Қылмыстық кодекспен әр-түрлі жаза көзделгенің атап өтті.
Сот төрағасы кездесу барысында сот жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырып, сот жүйесінің жетістіктері, мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығын, қолданылып жатқан ақпараттық сервистер туралы айтып оқушылардың қалай судья және мемлекеттік қызметші болуға деген сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соныңда сот төрағасы оқушыларға жарқын болашақ, өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе беруін тіледі.
[xfvalue_img]