Сыбайлас жемқорлық – қасіретті індет
Сыбайлас жемқорлық жүргізіліп отырған экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасап, мемлекеттік беделіне халықаралық аренада нұқсан келтіре отырып, елдің ұлттың қауіпсіздігіне орасан зор қатер төндіреді.
Бәрімізге белгілі жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа де елдері үшін аса өзекті мәселе болып тұр. Бүгінде әлемдегі сыбайлас жемқорлық мәселесі беделді халықаралық ұйымдардың басты назарынан түскен емес.
Елімізде де көптеген жылдар бойы сыбайлас жемқорлықпен күшейтілген күрес жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, стратегиялық бағдарламалар, ұзақ және қысқа мерзімді жоспарлар қабылданып, алдын алу мен оған қарсы тұрудың кешенді іс-шаралар жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдар қолданылуда.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жалпы мемлекеттік қызметкерлерге, оның ішінде сот қызметкерлеріне қатысты талаптар қатайтылған. Себебі, сот қызметкерлері қызметінің мінсіздігі, заң нормаларын сақтап, адамгершілік-моральдық әдептен аттамауы жалпы мемлекеттік билікке деген сенімді арттыратыны белгілі. Бұл – Мемлекетт басшысы қойған маңызды міндеттердің бірі.
Әлеуметтік кеселге айналған жемқорлықты бір ғана құқық қорғау органдарының күшімен жою мүмкін емес. Осы орайда ҚР Президенті Қасым-жомарт Кемелұлының «Өмірде ең бастысы – адамдық парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық», - деген сөздері еріксіз ойға оралады. Сондықтан да, бұл қасіретті індетпен күрес – жеке адамдардың немесе жекелеген топтардың ғана емес, мемлекеттік органдардың, үкіметтің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы.
Бөкей ордасы аудандық сотының
Бас маманы Б.Е. Ману
[xfvalue_img]