Қазақ тілі – менің тілім
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған елдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға өзінің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. «Ұлтқа тілінен қымбат нарсе болмақ емес, бір ұлттық тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады». Тіл байлығы – әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.
Сот төрелігін атқарғанда мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі мемлекеттік мәртебесін көтеру әрбір қызметкердің парызы деп түсініп, оған үлес қосуы тиіс. Сондықтан «Мемлекеттік тіл менің тілім» талабын барлық қызметкерлер абыроймен атқарса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонда олар мемлекеттік тілге иелік етіп, тілдің ілгері басыуна септігін тигізбек. Адамзат болмысына біткен ең нәзік сезім ұлт, ұлттық мүдде. Олардың асыл қасиетін түсіндіретін тіл. Тілді білген адамның рухы биік. Қазақ тілі ұлт ретінде мемлекеттік дәрежеге келтірілді.
Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Ата-ананы қәдірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.
Қазақстан – әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек деп санаймын.
А.Н.Оразбек
БҚО Бөрлі аудандық соты әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]