Сот мұрағатынан құжат сұрату тәртібі
Сот мұрағаты өз қызметін мұрағатқа жауапты лауазымды адам басқаратын сот кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі ретінде жүзеге асырады. Мұрағат қызметін бақылауды сот төрағасы жүзеге асырады.
Сот мұрағатшысы қаралған және мұрағатқа тапсырылған сот істерін беруді мынадай қағидаларды басшылыққа ала отырып жүзеге асырады:
- Мұрағаттан құжаттарды пайдалану сот төрағасының рұқматымен ғана жүргізіледі;
- Құжаттармен жұмыс істеудің міндетті шарты олардың физикалық сақталуын қамтамасыз ету болып табылады;
- Танысу үшін берілетін істер толық өңделуі және ресімделуі, яғни тігілуі, нөмірленуі, куәландыру жазбасы болуы тиіс;
- Мұрағаттық құдатты пайдаланған кезде құжаттың мәтінінің астын сызуға, белгілер жасауға, парақтарды бүгуге тыйым салынады;
- Мұрағат қызметкері мұрағаттық құжаттардың белгіленген көшірмелерін алады
сот басшылығы тәртіппен;
- Істі мұрағаттан алған кезде соттың міндетті номенклатуралық тізімін жасайтын журналдарда тиісті жазбалар жазылады;
- Істерді сот мұрағатына қабылдау кезінде істегі (журналдағы, нарядтағы) барлық парақтардың болуы мен жай-күйі оларды тапсыратын адамның қатысуымен міндетті түрде тексеріледі.
Осы шарттардың кез-келгенін елемеу Мұрағат ережелерін бұзу болып табылады. Қажет болған жағдайда сот процесіне қатысқан адамдар ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік бажды төлей отырып, оларға сот актілерінің қажетті көшірмелерін беру туралы сот төрағасының атына жазбаша өтінішпен сотқа жүгіне алады.
З.Шарипова
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының жетекші маманы
[xfvalue_img]