2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейеді

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейеді

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір орташа және ауыр қылмыстарды Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары қарайды. 

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы Заңымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне мынадай өзгерістер енгізілді, аталған өзгерістер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аталған өзгерістерге сәйкес қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттылығына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (бұдан әрі – ҚК) көзделген аса ауыр қылмыстардан бөлек, ҚК-нің 116-бабының екінші және үшінші бөліктерінде (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою), 146-бабының екінші және үшінші бөліктерінде (Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар), 249-бабының екінші бөлігінде (Рейдерлiк), 317-бабының төртінші бөлігінде (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы), 335-бабының төртінші бөлігінде (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу), 337-бабының төртінші және алтыншы бөліктерінде (Заңсыз аңшылық), 345-бабының төртінші бөлігінде (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы), 345-1-бабының төртінші бөлігінде (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы), 346-ның бесінші және алтыншы бөліктерінде (абайсызда адам өліміне алып келген көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) көзделген қылмыстар қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттылығына жатқызылған.

Енді сот алқабилердің қатысуымен аса ауыр қылмыстардан басқа жоғарыда қарастырылған қылмыстар қаралуға жатады. Осылайша мемлекет алқабилердің заңды кесім (шешім) қабылдау өкілеттігін кеңейтуде. Алқабилердің қатысуымен сот сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігін алқалы түрде қарастырады және оған кәсіби судья мен он алқаби кіреді. Осыған байланысиы істерді қарау кезінде жоғары сапалы алқабилер алқасын қалыптастыру маңызды.

Бірақ алқабилердің кесімі (шешімі) дәлелдермен уәжделмейтіндігін есте ұстаған жөн. Алқабилердің үкімі тек процессуалдық бұзушылықтардың негізінде ғана жойылуы мүмкін. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы

Е.Шарипбеков

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

50 пікір

  1. аватар
    Virgie 13 сентября 2026 04:47

    Thanks for the tips! I'm excited to implement some ideas from 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап
    алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейеді » Infozakon.

    Feel free to surf to my website top link building software reviews

  2. аватар
    German 13 сентября 2026 05:20

    Bookmarking 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап
    алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейеді » Infozakon for later, this was worth
    the read.

    Here is my web site; AVS SEO tools

  3. аватар
    Tabatha 13 сентября 2026 05:59

    Your thoughts on 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап алқабилердің қатысуымен
    қарайтын істер санаттарын кеңейеді » Infozakon are very relevant.


    Stop by my page ... Asia Virtual SEO services

  4. аватар
    Sherrie 24 сентября 2026 10:43

    Saya setuju dengan pendapat Anda di 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап алқабилердің
    қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейеді » Infozakon, terutama tentang немесе.


    My homepage - solusi captcha untuk SEO

  5. аватар
    Donald 24 сентября 2026 14:30

    รู้สึกว่า 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап алқабилердің қатысуымен қарайтын істер
    санаттарын кеңейеді » Infozakon มีประโยชน์, อยากให้พูดถึงเรื่องนี้มากขึ้น

    my web blog :: Asia Virtual Solutions
    โฮสติ้ง

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.