16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні

Қаншама қан төгістерді халықымыз басынан өткеріп, әрең дегенде қол жеткізген бұл тәуелсіздік біз үшін баға жетпейтін құнды дүние. Тәуелсіздік деген өз алдына, ешкімге бағынышты болмай, өз мәселесін өзі шешетін, өз шешімдерін өзі қабылдай алатын мағынаны білдіреді, ендеше осындай тәуелсіздік біздің заманымызға бұйырған екен, ендеше осы тәуелсіздікті неге қорғамасқа, азаттықтың ақ таңын сақтап қалу әрбірімізге парыз деп қарауымыз керек.

Бұл Тәуелсіздіктің ақ таңын сонау ата-бабаларымыз аңсап кеткен, қазақ тілі үшін шырылдап, тіліміздің болашағы үшін алаңдап өткен Абай атамыздан бастап Ахмет Байтұрсынұлы сынды зиялы қауым өкілдерінің көрген күндері қандай еді. Сол тарих беттеріне үңіліп, сол заманмен салыстырар болсақ біздің заманымыз «қой үстінде бозторғай жүмыртқалаған күн» емес пе. Ата-бабаларымыз осы қазақ жастарының емін-еркін білім алып, сауатты болғанын қалады емес пе. Қазіргі таңда білім алуымызға ешқандай да кедергі жоқ, талабың болса, өнерің болса өз қалаған мамандығынды оқып, білім ала аласың, тек зейін мен ынта, оқуға деген жүрек қалауы болса болғаны.

Біз бақытты жандармыз, осындай заманда өмір сүріп жатқан. Азаттықтың ақ таңын сезініп, 16-шы желтоқсан тәуелсіздігімізді тойлап келеміз. Расында да бақыттымыз.

Мен тәуелсіздіктің құрбысымын және осы бейбіт уақытта дүниеге келгеніме қуаныштымын. Бірақ қазір біздің міндетіміз — бұл әлемді сақтау және нығайту. Біздің мемлекетіміз өте жас болып саналады, сондықтан бізде барлық жақсылықтары әлі алда. Мен де Отанымның тарихына өз үлесімді қосқып бір күні оны үздіктер қатарынан көргім келеді.

Әр жыл сайын бір қуаныш пен бір мұңын арқалап келетін 16-шы желтоқсан — Тәуелсіздік күні құтты болсын қазақ елі. Бір мұңы деген сөзіміз кеше ғана жанымызды ауыртып өткен 1986 жылғы 16-18 желтоқсан аралығында болған Желтоқсан оқиғасы. Жазықсыз жазаланған Желтоқсаншы жастарды еске алмау мүмкін емес, оларға батылдық танытқан ерліктеріне бас иеміз. 16-шы желтоқсан тәуелсіздік күнін атап өтумен қатар Желтоқсаншы жастардың да ерліктерін атап өтетін күн деп білемін. Желтоқсан құрбандарына айналған көптеген қазақ жастары біздің жүрегімізде болатыны сөзсіз.

Осындай қиындықтармен есік ашқан 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күнімен қазақ елі!

Бауырымыз бүтін, еліміз тыныш болсын!

З.Ерсайынқызы                                                     

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

соты әкімшісінің бас маманы – сот отырысының хатшысы

                                                                                         

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.