Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы
Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы және оны қолдау өте маңызды мақсаттардың бірі болуда, осы жағынан жұмыстар жүргізіліп, оны одан әрі дамытып жоғары деңгейде ұстау негізгі басымдық болып табылады.
Сот жүйесінде өндірістік құжаттардың 100 пайызы мемлекеттік тілде жүргізіледі, негізгі басымдығымыз мемлекеттік тілді қолдау бірінші орында тұр.
Мемлекеттік қызметте қызмет атқаратын әр азаматтың бірінші міндетінің бірі мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгеру. Мемлекеттік қызметке конкурс жарияланып тест өткен кезде мемлекеттік тілдің білу деңгейі бойынша тест өткізіледі, бұл біріншіден қызметкердің жұмысқа қабылданар алдындағы мемлекеттік тілдің білуін тексеру болып табылады. Әрине бұл талап бәрімізге де қатысты, біріншіден мемлекетіміздің абыройы жоғарылайды, екіншіден өз тілін құрметтеу болып табылады.
Мемлекеттік тілдің беделін көтеру үшін біршама іс атқарылды, бағдарламалар жасалынды, Заң қабылданды. Барлық мемлекеттік атқарушы органдар осы мәселе бойынша іс қимылдар атқаруда, ендігі жұмыс өзіміздің тарапымыздан, яғни азаматтың өзі алдына мақсат қойып мемлекеттік тілді меңгеріп, оны одан әрі жоғары деңгейде қолдану.
Сот тарапынан қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамыту мақсатында көптеген дөңгелек үстел, жиналыстар, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда Ақмола гарнизоны әскери сотымен жолданған хаттардың 98% қазақ тілінде жолданған. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде қаралып жатқан істер былтырғы жылмен салыстырғанда біршамаға артып отыр.
Бүгінде ресми қағаздарды сауатты толтырып дайындау үшін кәсіби жетілдірілген қазақ тілін қолдану қажет. Бұл жерде жазу мәдениетінің рөлі орасан зор.
Іс-қағаздарын дайындау барысында жазу мәдениетін қатаң сақтау қажет. Әр сот актісінің, хаттың бойында реттілік, жүйелілік, түзулік, тәртіптілік, сәйкестік, қисындылық, мағыналық түсінігі болуы тиіс. Оған да көңіл бөлу міндет болып отыр.
Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға республикамызда барлық жағдай жасалынған. Аталған бағытты барлығымыз қолдауымыз қажет деп санаймын.
Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы А.Мырзаханова.
[xfvalue_img]