Мемлекеттік қызмет мінсіз болуы тиіс

Мемлекеттік қызмет мінсіз болуы тиіс

Мемлекеттік қызметші жұмысқа қабылданғаннан сынақ мерзімінен өткеннен кейін, мемлекеттік қызметші атанып, ол Қазақстан халқы алдында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халыққа адал және біліктілікпен қызмет етуге салтанатты түрде ант қабылдайды. Мемлекет мемлекеттік қызметтің лайықты өкілдерін, адамдардың қажеттіліктеріне жауап бере алатын құзыретті, құрметті және заңды орындайтын қызметшілерді бейнелеуге тиіс. Егер мемлекеттік биліктің құзыреті, кәсіби аппараты құрылмаса, кез-келген демократиялық өзгерістер сәтсіздікке ұшырайды. Осыған байланысты, мемлекеттік аппаратың кадрлық құрамын дұрыс таңдау және орналастыру маңызды міндет болып табылады.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды күшейту мәселелері қоғам тарапынан мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға ықпал ететін осы саладағы заңнаманы жетілдіруді талап етеді.

Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, сондай-ақ көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу айқындалған. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттің бет-бейнесі болып табылады және қоғам алдында қоғамдық орындарда үлігілі мінез-құлықтың үлгісі болуға тиіс.

Осыған байланысты, қызметтік этиканың жаңа қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіретін масаң күйде болуға жол бермеуге, қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымлық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға тиіс, тиісті қызметтерді алу, өз тарапынан заңнама талаптарын бұзуға жол бермеу, қоғамдық адамгершілікке, тәртіп пен қауіпсіздікке құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттер жасауға тартпауға тиіс.

Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік қызметке алғаш кірген жас мамандарды тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Олардың тиісті моральдық-адамгершілік келбетін қалыптастыру бойынша жұмыс ерекше назар аударуды және ресми қөзқарасқа жол бермеуді талап етеді. Осыған байланысты, Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн мерзімде Кодекстің мәтінімен жазбаша түрде танысу көзделгенін атап өткен жөн. Жас мамандарды алғашқы күннен бастап, мемлекеттік қызметтің мінсіз атқару бойынша қасиеттерге үйретеді.

Этикалық кодекс жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларының басқа жақтарын да қамтиды. Мысалы, Кодексте мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның сыртқы келбеті мемлекеттік органның беделін нығайтуға ықпал етуі, ресми, ұстамдылық пен дәлдікпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуі көзделген.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мемлекеттік қызметші өзінің жұмысына ұқыптылық пен тәртіпке бағыну қажет. Қазақстан Республикасы Заңнамаларын бұлжытпай орындап, өзіне берілген лауазымдық міндеттерін заңнан тыс асырмай, сапалы орындау басты міндет болып табылады. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот әкімшісінің басшысы Э.Р. Ярулина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив