Қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және объектішілік жағдайлар
Сот приставы соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөнінде өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды тұлға.
Сот приставы сот талқылауы кезінде залдағы тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, төрағалық етушінің өкімдерін орындайды және сотта судьяларды, куәларды және процестен басқа да қатысушыларды бөгде әсерлерден қорғайды, соттың процестік әрекеттерін жүргізуіне жәрдемдеседі, сотқа келуден жалтарған адамдарды алып келуді жүзеге асырады.
Сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаны Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заң кодекстің 653-бабына сәйкес, жауапқа тартады.
- Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) – ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
- Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Сонымен катар соттардың департаменттің және оның аумақтық органдарының аумағына және ғимараттарына әкелуге (тасымалдауға) тыйым салынған заттардың тізімі:
1) атыс қаруы мен қырлы қару;
2) жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар және жанғыш құралдар;
3) Улы заттар;
4) Күшті улы заттар;
5) бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттар;
6) радиоактивті заттар;
7) есірткі, психотроптық заттар;
8) бейне, кино және фотоаппаратура;
9) Жазу құрылғылары мен компьютерлер;
10) радиотехникалық және басқа да жабдықтар (адам ағзасына емдік немесе профилактикалық әсер етуді қамтамасыз етуге немесе ағза мүшелері мен жүйелерінің функцияларын ауыстыруға немесе түзетуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарды қоспағанда);
11) Қоңырау/SMS/жауап беру функциялары бар телефондарды қоспағанда, мобильді құрылғылар (Интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер және т.б.);
12) флэш-карталар, USB дискілері және т.б;
13) деректерді беруге, сондай-ақ халықаралық жаһандық желілерге және Интернетке (Wi-Fi, Bluetooth, 3G, 4G және т.б.) шығуға қабілетті техникалық құрылғылар, оның ішінде сымсыз құрылғылар.
Д.Давыдов
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының аға сот приставы
[xfvalue_img]
25 пікір