Мемлекеттік қызметшілердің әдебі
Еліміз өркендеуі, дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отан сүйгіштігіне, білімі мен біліктілігіне байланысты себебі, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер, ал мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшіге тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметкердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету.
Мемлекеттік қызметкердің әдептілігі мен сыбайлас жемқорлықтың бетін қайтаруы бірін-бірі толықтыратын фактор болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік органдардың осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істеуі бүгінгі күннің талабы болмақ.
Мемлекеттік қызметкер мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін құдалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық және тағы да басқа қағидаларды сақтауға тиіс.
Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайына жол бермеуге тиіс.
Әдеп жөніндегі кеңестің негізі міндеті – мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алатын құқықбұзушылықтың алдын алу.
Жанна-Мари Вебер
Сырым аудандық соты әкімшісінің басшысы
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]
7 пікір