Сот билігі туралы
Мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлу-бұл Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретіндегі қызметінің ең басты принцип. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп көрсетілген: Республикада мемлекеттік билік біртұтас Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Билікті тармақтарға болудің негізгі себептері мемлекетте заңдарды қабылдауға, яғни барлығына бірдей міндетті міне-құлық ережесін бекітуге, оларды орындауға және төрелігін жүргізуге, яғни адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, осы ережені бұзғандарға жаза қолдану, заңдарды қолдануға байланысты іркілісті, қақтығысуды және басқа өзекті мәселелерді шешу болып есептелінеді.
Биліктің тармақтарының былайша бөлінуі табиғи нәрсе болып табылады, Ол табиғат заңымен ұштасып жатады. Сонымен бірге, бұл мәселенің басқа да қырлары бар екендігін естен шығармауымыз қажет, мәселен оның саяси тұрғысы. Демократия жеңістіктерін сақтауда, оны қамтамасыз етуде мемлекет қызметінің үш бағытын әртүрлі үш мемлекеттік органдардың арасында бірдей болып, билікті бір адамның, органның қолында шоғырлана алмайтындай етіп ұстап тұру мақсаты әрбір билік иелеренің жадында болуы тиіс. Өйткені билік жүргізуші субьекті оны өз пайдасына теріс қолдануы мүмкін, оның өзі озбырлыққа, адам тағдырын аяққа басып менмендікке салынуына апаратыны айқын. Ең бастысы-бір-біріне тауелді емес үш тармақтар билігі өздерін өздері бақылап тұруы, бір органның заңды бұзғанына орасан зор көңіл бөлулері қажет.
Астана қаласы
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық әскери сотының
жетекші маман З. Шарипова
[xfvalue_img]