Сот кабинетінің тиімділігі
Сот кабинеті- сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді біріңғай терезе болып табылады. Бұл сервис сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
Сотқа келіп түскен талап арыздар интернет арқылы түскен электронды талап арыздар және басқа да құжаттар электрондық көрсеткіштерге тіркеледі. Оларға тіркеу талоны беріледі. Процеске қатысушы азаматтың ұялы телефон нөміріне немесе электрондық поштасына хабарлама (SMS-хабарлама) мен шақырту жолданады. Хабарламада істің нөмірі, логині және паролі көрсетіледі. Логин мен парольді пайдалана отырып сот процесіне қатысушы тараптар іс бойынша www.sud.kz сайтынан «Сот құжаттарымен танысу» модулінде іске қатысты барлық мәліметтермен таныса алады.
Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокаты немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ, істегі мәртебесін қарап, сот актісін басып шығара алады. Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.
Сот кабинеті сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесіде шешімін тапты. Соған орай азаматтардың төлем карточкасы арқылы бажды төлеуге, төлем құжаттарының сканерден өткен көшірмесін беруге мүмкіндігі бар.
«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы Соттың сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азаматтар қолдана алады.
Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап «мобильді сот кабинеті» сервисі де қосылды. Бұл сервис арқылы тараптар мобильді құрылғы арқылы сот отырыстарына қатыса алады. «Сот кабинеті» мобильді қосымшасын пайдалану туралы нұсқаулығы және құжаттарды элнктронды түрде беру тәртібі туралы қағидалар туралы «сот кабинеті» сервисіне кіріп танысуға болады.
Ақжайық аудандық сотында «Сот кабинетін» пайдаланудың тиімділігі бойынша артықшылықтары үнемі сотқа жүгінушілерге түсіндіріліп, қолдану бойынша кеңестер беріліп отырады.
Қазіргі таңда біздің сотқа азаматтар мен заңды тұлғалар жолдайтын арыз шағымдардың 100 пайызы осы сервис арқылы электронды түрде түседі. Сот жүйесінде жоғарыда аталған электрондық қызметтер қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, бюрократиялық кедергілерді жояды. Ал, бұл азаматтардың уақыты мен қолжетімді болуына мүмкіндік береді.
Ұлт Жоспарының 20-қадамын іске асыру үшін Жоғарғы Сот электронды сот төрелігін дамыту бағытында бір қатар жұмыстар атқаруда.
Қолжетімділік, ашықтық және жариялылық қазіргі заманғы демократиялық мемлекет сот жүйесінің үш негізгі стандарты. Халық үщін сот жүйесінің барынша ашық және қолжетімді болуы үшін заманауи техноголиялар енгізіліп қолданылуда, соның бірі «Сот кабинеті».
Бұндай сервистерді жасаудағы мақсат сот органдарының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын жақсарту. Бүгінгі таңда электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі енгізіліп, сот ісін жүргізуде қазіргі заманғы ақпараттық технилогиялар арқылы Қазақстан халқына көптеген ақпараттық қызметтер көрсетіліп, сот жүйесінің тиімділігін, қолжетімділігі және ашықтығын одан әрі арттыруға жағдайлар жасалуда.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым
[xfvalue_img]
22 пікір