«Қылмыстық сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту» туралы
Ақмола гарнизоның әскери сотында 01 маусым 2023 жылы судьялардың, сондай-ақ, Бас әскери прокуратурасының, ҚР Қорғаныс Министрлігінің, ҚР ШҚ ҰҚК-нің, ҚР Ұлттық Ұлан Қолбасшылығы, Әскери тергеу басқармасының және Ақмола гарнизоны бойынша Әскери полициясының өкілдерінің қатысуымен "Қылмыстық сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту" бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Еліміздің қоғамдық өмірінің барлық салаларында, оның ішінде қылмыстық сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану аясында қазақ тілін кеңінен қолданудың қажеттілігіне баса назар аудару қажеттілігне тоқталып, баяндама жасады. Жалпы сот бойынша іс-қағаздарына мемлекеттік тілде жүргізу көрсеткішіне кіріс құжаттарының үлесі әсер етеді. Себебі, кез келген істің қай тілде қаралып, тергелуі тікелей шағымданушыға байланысты. Ол тапсырған арыз тілі- іс жүргізу тілі болып табылады. Мысалыға, тергеу барысында көптеген азаматтар сот ісін жүргізу тілін таңдап алғаннан соң, сот отырысында бұл тілде жауап бере алмай жататын жағдайлар көп кездеседі. Осы тұрғыда айта кету керек, әрбір сотқа келуші азамат мемлекеттік тілдің дамуына өз үлесін қоса алады. Себебі, сот ісін жүргізу тілі заң талаптарына сәйкес, сотқа арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бәріміздің азаматтық борышымыз. Олай болса, мемлекеттік тіліміздің мәртебесі биік болсын дей келе, дамуына өз үлесімізді қосуға шақырды. Сот төрелігін жүзеге асыруды қамтамасыз ету аясын кеңейту мақсатында басты мәселе халықтың тіл деңгейін көтеру болып саналады. Сол себепті, біріншіден өкілдерді, адвокаттарды және жалпы сотқа жүгінетін адамдардың тілді кәсіби деңгейде білуімен қамтамасыз ету қажет.
Күш өзіміздің қолымызда. Сот жүйесіндегі сот өндірісінде қазақ тілінің дамуына үлес қосайық!
Сонымен қатар, қатысушылар Сот төрелігін жүзеге асыруды қамтамасыз ету аясын кеңейту мақсатында басты мәселе халықтың тіл деңгейін көтеру бойынша басқа да пікірлерімен бөлісті.
Р.Махина
Ақмола гарнизоны әскери сотының
бас маманы
[xfvalue_img]
33 пікір