Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес қажет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қажет

     Бұл дерттін жаппай жойылмау жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғы­нуына және орындауына көмек­те­су­дің алғышарттарының бірінен санала­ды. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы са­на қа­жет. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы са­на қалыптасқан жағдайда адам адам­гершілікке жат қылықтардан бой­ын аулақ ұстай бастайды, заңға қай­шы ке­летін әрекеттерді жасауға жол бер­мейді.

   Жастардың бойында сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениет қалып­та­­суы үшін жастарымыз сыбайлас жем­қор­лықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамда құқықтық сауаттылығына да байланысты төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген се­нім­ді­лігін күшейтеді.Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жерде жас ұрпақтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін күшейту маңызды. 

     2014 жылы «Қазақстан Респуб­ли­касының 2015-2025 жылдарға арналған сы­байлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды. Осы стратегияда да қо­ғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Дамыған елдерде сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатты іске асыру ба­рысында сыбайлас жемқорлықты рухани жағынан қабылдамауға мән беріледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениеттің қалыптастырылуын оқу орын­дарынан бастағанымыз дұрыс. Жас ұр­пақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүл­дем төзбеушілікке тәрбиелеуіміз ке­рек. Қазір сыбайлас жемқорлықтың бар­­лық түрлерін жою үшін Қазақстан аза­­маттарының құқықтық санасын арт­ты­­ру жүргізілуде. Өйткені олар сыбайлас жем­қорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қа­лады.

    Жалпы, біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стан­­дарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жү­­зеге асырылып келеді. Сыбайлас же­м­­қорлықтың көріністерін жою мақ­са­тында заңнамалық актілер қа­был­дан­ды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қыз­мет­­тердің алынуын жеңілдету үшін элек­тронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты ен­гізілді.

Жоғарыда айтқанымыздай, «Қазақ­стан Республикасының 2015-2025 жыл­дарға арналған сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы стратегиясы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сая­­саттың не­гізі. Осы стратегияда сы­бай­лас жем­қор­лыққа қарсы шаралар кешені жұ­р­тшы­лықтың қатысуымен жүр­гі­зілуі қа­­жеттігі айтылған. Мемлекет пен қо­ғам тығыз қарым-қатынаста бол­ған­да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тө­теп бере аламыз. Сондай-ақ страте­гия­да сыбайлас жемқорлыққа деген төз­беушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ұр­пақ­пен жұмыс істеу қажет. Стра­те­гияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жем­қор­лықтың кез келген көрінісіне «мүл­дем төзбеушілік» ахуалын жасау ар­қы­лы сы­байлас жемқорлыққа қарсы қоз­ға­лысқа бүкіл қоғамды тарту және Қа­зақ­станда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

 «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы кү­ресті күшейту мәселелері нақты көр­сетілген. Мұның барлығы сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күресте нақты нә­ти­же­лер­ге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Ж-М.А.Вебер

Сырым аудандық сотының Кеңсе меңгерушісі

Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.