Сот кабинетіндегі талаптар мен арыздарға eGov mobile қосымшасы көмегімен қол қоюға болады

Сот кабинетіндегі талаптар мен арыздарға eGov mobile қосымшасы көмегімен қол қоюға болады

EGov mobile мобильдік қосымшасын пайдаланушылар Сот кабинетінде құжаттарға қол қою мүмкіндігіне ие болды. ҚР Жоғарғы Сотының Сот кабинетімен бірлескен интеграция аталмыш сайтта авторизациядан өтуге және eGov mobile қосымшасында QR-кодты сканерлеу арқылы құжаттарға қол қоюға мүмкіндік береді.

Жаңа опция талаптарға, арыздарға, сенімхаттарға, хаттарға https://office.sud.kz сайтында қол қоюға, сондай-ақ сайттағы eGov QR-кодын мобильдік қосымшасы көмегімен сканерлеу арқылы авторизациядан өтуге мүмкіндік береді.

«ҰАТ» АҚ ұжымы мемлекеттік қызметтерді алу үдерісі әлдеқайда жеңіл және жылдам өтуі үшін мобильдік қосымшаның функционалы мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмыс жасауда. Бүгін біздің пайланушылар үшін тағы бір мүмкіндік тудыСот кабинетінде құжаттарға eGov QR көмегімен үйден шықпай-ақ уақыт үнемдеп, қол қоюға болады. Бұндай мемлекеттік қызметтерді алу тарихында әлі болған емес. Бұны eGov mobile мобильдік қосымшасының қарқынды дамуы деп санаймыз», - деп атап өттң «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін eGov mobile пайдаланушылары:

  • қосымшада авторизациядан өту керек (егер бұрын авторизациядан өткен болса, қосымшаға Face ID, Touch ID немесе қысқа кодтың көмегімен кіру қажет);
  • сот кабинетінде қол қою түрін таңдау қажет – «QR көмегімен қол қою»;
  • eGov mobile басты бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында «ақ шаршыға» басыңыз;
  • eGov QR сканерлеп, қол қойыңыз;

Өтінім сәтті өңдеген кезде ұялы телефон экранында «Өтінім беру сәтті аяқталды»  көрсетіледі.

Толық бейне нұсқаулыққа сілтеме: https://youtube.com/shorts/qE1ykwZsnnw?feature=share

         Egov mobile мобильдік қосымшасының жаңа нұсқасы iOS жүйесінің пайдаланушылары үшін App Store платформасында, сондай-ақ Android жүйесінің пайдланушыларына Play Market және App Gallery қолжетімді.

Қазіргі уақытта eGov Mobile мобильдік қосымшасында 400-ге жуық мемлекеттік қызмет бар, оның ішінде 150-і eGov.kz порталында көрсетілетін қызмет, ал 250 қызмет түрі e-license порталында  жеке тұлғаларға көрсетіледі. Ай сайын қосымшаны шамамен 2,4 млн.қазақстандық белсенді пайдаланады және айына 50 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

         Қосымшададағы бірнеше үлкен бөлімдер арқылы қажетті құжатты немесе қызметті оңай табуға болады: «Цифрлық құжаттар», «Өмірлік жағдайлар», «Қызметтер» (eGov.kz және e-license қызметтерінің жеке каталогы), «Хабарламалар» және т.б.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.