Алқабилерге сұрақтар
Төрағалық етуші сот жарыс сөзі аяқталғаннан кейін, екінші судьямен бірге тараптардың пікірлерін ескере отырып, сұрақ парағын дайындайды, оның түпкілікті негізі кеңесу бөлмесінде тұжырымдалады. Сұрақтарды талқылау және тұжырымдау кезінде Сіз сот отырысы залынан шығып кетесіз. Сот отырысында сұрақ парағы Сіздің қатысуыңызбен жария етіледі.
Сұрақ парағына міндетті түрде енгізілетін, негізгі сұрақтар:
1) әрекеттің болғандығы дәлелденді ме?
2) осы әрекетті сотталушының істегендігі дәлелденді ме?
3) осы әрекеттің жасалуына сотталушы кінәлі ме?
Сұрақтар парағында кінәлілік дәрежесін арттыратын немесе төмендететін не болмаса сотталушының жауапкершіліктен босатылуына әкеліп соқтыратындай оның сипатын өзгертетін мән-жайлар туралы сұрақтардың болуы мүмкін. Қажетті жағдайларда, қылмыстық ниеттің жүзеге асырылуы дәрежесі, әрекеттің аяқталмауына әсер еткен себептер, әрбір сотталушының қылмысты жасауға қатысуының дәрежесі мен сипаты туралы сұрақтар жеке қойылады. Егер оның қорғану құқығына нұқсан келтірмейтін болса, онда Сіз онша ауыр емес қылмысты жасаудағы сотталушының кінәлілігін анықтайтын мәселені шешуіңіз мүмкін.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты кеңсесінің бас маманы М.Ж. Аккузова
[xfvalue_img]
11 пікір