Сот отырысы хатшыларына жүктелген жауапкершілік

Сот отырысы хатшыларына жүктелген жауапкершілік

Судьялардын кызметiн қамтамасыз етуде манызды рөлді сот отырысының хатшысы атқарады. Кенсе бас маманы – сот отырысының хатшысы лауазымына жоғары зангерлiк бiлiмi бар, мемлекеттiк қызмет өтілі бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдык бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсiптiк бiлiмi бар, Қазақстан Республикасынын нормативтік құқықтық актiлерiн бiлетiн, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдык мiндеттерiнiң орындалуы үшін қажетті баска да білімдері бар адам тағайындалады. Бас маман соттар әкімшісі басшысына, Актөбе гарнизонының  әскери сотының Төрагасына, кеңсе меңгерушісіне бағынады.

Сот отырысы хатшыларынын жұмысы сырт көзге карапайым, әрi оңай болып көрінуі мүмкін. Алайда, сотта қаралатын кез-келген істің өзіндік қиындықтары мен қатар iстi өндiрiске дайындау сатылары болады. Сот отырысы хатшысының тындауға тағайындалған iстердi карау кестесiн бiр аптаға әзірлеу, әр тараптын арыздары мен қоңырауларына жауап беру, сот актілері мен басқа да құжаттарды iс жүргiзу нұскаулыгына сәйкес сатыларға жолдау, занды күшіне енген iстер бойынша сот актiлерiн орындау, оларды істерді қабылдау және беру актiлерi аркылы мұрағатка тапсыру секiлді жұмыстары жетерлік.

Соттардың жұмыс сапасы мен беделiне нұқсан келтiрмес үшін сот хатшыларының жауапкершілігі жоғары болу керек. Өйткені, карапайым хаттамадан бастап, іске кажетті құжаттардын барлығы хатшынын колынан өтеді. Судьянын уақытты тиімді пайдаланып, өнiмдi жұмыс жасауы сот хатшысының біліктілігіне, іскерлігіне тікелей байланысты.

Сот мәжілісі хатшысынын жауапкершілігі: өзiнiн мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, iшкi еңбек тәртiбiнiн, еңбек және атқару тәртiбiнiн кағидасын, техника кауiпсiздiгi мен өртке карсы қауiпсiздiк кағидасын бұзганы, сондай-ак құқыққа кайшы өзге де iс әрекеттерді жасағаны (әрекетсiздiгi) үшiн Казакстан Республикасынын заңдарымен белгiленген жауапкершілікке, материалдык зиян келтiргенi үшiн Казакстан Республикасынын кылмыстық, азаматтык, әкімшілік зандарымен қарастырылған шектерде, сонымен катар, еңбек пен аткару тәртiбiн бұзғаны және сыбайлас жемқорлыққа карсы заңнаманы сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік кызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлык мемлекеттік қызметкерлер сиякты сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады, десек те, сот отырысының хатшылары өз мiндеттерiне асқан жауапкершілікпен қарауы кажет.

Ақтөбе гарнизон әскери сотының кеңсе бас маманы сот отырысының хатшысы  

Ермухамбетова Б.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.