Әкімшілік істер бойынша соттың жеке ұйғарымдар шығару практикасы

Әкімшілік істер бойынша соттың жеке ұйғарымдар шығару практикасы

                Әкімшілік және азаматтық істерді қарау нәтижелері бойынша шығарылатын жеке қаулыларды сотпен қолданылатын белгілі бір санкцияның түрі ретінде түсінуге болады. Ол тек соттың құзырына жатады.

         Яғни, жеке ұйғарым шығару арқылы сот істі мәні бойынша шешпейді, тек заңдылық бұзылған жағдайлары анықталған кезде және бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым шығарады және оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді.       

                Соттың жеке ұйғарымдары жіберілген органдар мен лауазымды тұлғалар үшін оны қарау және ол бойынша өздері қолданған шаралар туралы сотқа хабарлау міндетті болып табылады.   

         Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 1-бабының 3-тармағына сәйкес, егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) ережелері қолданылады делінген.

         Ал АПК-нің 270-бабының 1-бөлігіне сәйкес, заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы, ал егер бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым шығарады және оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.

         Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында әкімшілік істерді қарау нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған жағдайда міндетті түрде жеке ұйғарым шығару арқылы мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларының назарын аудару тәжірибесі қалыптасқан.

         Атап айтқанда, әкімшілік сотпен 2022 жылдың 1 жартыжылдығында әкімшілік істерді қарау нәтижесі бойынша барлығы 54 жеке ұйғарымдар шығарылған.

Оның ішінде:

- жер даулары бойынша - 4

- мемлекеттік сатып алу даулары бойынша- 3

- салық даулары бойынша -12

- кеден даулары бойынша -1

- қоршаған ортаны қорғау істері бойынша – 1

- сот орындаушылардың әрекеттерін даулау бойынша -21

- құқық қорғау органдарының әрекеттерін даулау бойынша – 1

- денсаулық сақтау саласы бойынша – 4

- антипонополиялық заңнамалар бойынша – 2

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында – 2

- аудит және қаржылық бақылау саласында -1

- сәулет және қала құрылысы саласындағы даулар бойынша – 2.

         Сотта шығарылған жеке ұйғарымдардың саны әкімшілік талаптарды қанағаттандырылып қаралған шешімдердің 42,5%-ын (127 шешім) құраған.

         Жеке ұйғарымдар шығарылған әкімшілік істердің субьектілік құрамына тоқталатын болсақ келесідей:

  • Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне қатысты – 1;
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қатысты – 1;
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және оның аумақтық, бағынысты құрылымдық бөлімдері мен мекемелеріне қатысты – 21;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты – 4;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен оның ішінде ішкі аудит бойынша құрылымдық мекемелеріне қатысты – 15;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қатысты – 1;
  • Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қатысты – 1;
  • Жергілікті атқарушы органдар мен оның бағынысты мемекелеріне қатысты – 5;
  • өзге де әкімшілік органдарға қатысты – 5.

Әкімшілік істерді қарау бойынша қабылданған жеке ұйғарымдардың шығарылуына әкімшілік органдардың жауапты қызметкерлері мен лауазымды тұлғалардың заң талаптарын бұзуы, яғни, азаматтар мен заңды тұлғалардан түсетін арыз-шағымдарды қараудың мерзімін сақтамауы, оларды қарау барысында құқықтар мен заңды мүдделерін бұзуына жол беруі және өзге де жағдайлар негіз болған.    

Сотпен 2022 жылдың 1 жартыжылдығында шығарылған жеке ұйғарымдардың 14-і бойынша жоғары тұрған сатыға шағым келтірілген. Олардың қаралу нәтижесі бойынша 1 жеке шағымның күші жойылған.

Қалған жеке шағымдар бойынша тиісті органдар мен лауазымды тұлғалар оларда көрсетілген заң бұзушылықтармен келіскен.

Есептік кезеңнің аяғында жіберілген жеке ұйғарымдардың 10-ы бойынша орындалғаны жөнінде жауаптар келіп түскен. Яғни, оларды қарау нәтижелері бойынша кінәлі тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылып, кемшіліктерге жол бермеу шаралары қабылданғаны туралы жауаптар берілген.

Жоғарыдан көріп отырғанымыздай соттардың мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан заң бұзушылыққа жол беру фактілеріне жеке ұйғарым шығару институты мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғаларды өз қызметінде тәртіпке шақырудың пәрменді шараларының бірі болып табылады.

Баяндалғандарды негізінде, судьялар жеке ұйғарымдар шығару мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтауда оң ықпалын тигізерін ескеріп, әкімшілік істерді қарау барысында анықталған кемшіліктерді сот тарапынан елеусіз қалдырмау қажеттігін түсінеді.

Даурен Төреқұлов 

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы                    

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.