Соттың білгір маманы

Соттың білгір маманы

Сот жүйесі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың кепілі болғандықтан, халық қашанда ақ пен қараны ажыратып, әділдіктің туы жығылмауына күш салатын сот жүйесіне сенім артады.

24 маусым – судья және сот қызметкері күні қарсаңында, қоғамдағы жеке адам мен мемлекеттің негізгі құқықтары мен мүдделерінің бұзылмауын басты назарда ұстап, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі болып қызмет атқаратын Кожина Әлия Үмбетқалиқызы жайында сөз қозғамақпыз.

Әлия Үмбетқалиқызы, еңбек жолын сот жүйесінен бастаған, 1997 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың қыркүйегіне дейін Ақтөбе гарнизонының әскери сотында экспедиция меңгерушісі (1997-2001 ж.ж.), маман (2001-2002 ж.ж.), жетекші маман (2002-2009 ж. ж.), бас маман (2009-2013 ж. ж.) лауазымдарында қызмет атқарды.

2002-2006 жылдар аралығында Алматы Экономика және статистика академиясының «Экономика және Бухгалтерлік есеп» факультетінде сырттай оқу нысаны бойынша оқып, жоғары экономикалық білім алды. Содан кейін 2006-2008 жылдары «Қайнар» университетінің «Құқықтану» факультетінде «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

2013 жылғы қыркүйектен 2016 жылғы қарашаға дейін «Ақтөбе облыстық сотының кеңсесі ММ-де (Қызметті қамтамасыз ету департаментінің Ақтөбе облыстық сотының әкімшісі РММ-де) бақылау және құжат айналымы бөлімінің бас маманы сот отырысының хатшысы (2013-2014 ж. ж.), талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы (2014-2015 ж. ж.), персоналды басқару бөлімінің басшысы (кадр қызметі) (2015-2016 ж. ж.) лауазымдарында қызмет атқарды.

2016 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе гарнизонының әскери сотында кеңсе меңгерушісі лауазымында қызмет атқарып келе жатқан кейіпкеріміз сотқа істердің кеңсеге келген сәтінен бастап есепке алынуын, тараптарды уақытында хабарлануын, істердің сақталуын және уақытында жылжуын, құжаттардың орындалуын бақылап, сот статистикасын жүргізіп және басқа да іс қағаздардың уақытында орындауына бақылау жасайды.

         Сот жүйесіндегі көп жылғы тындырымды еңбегі бағаланып, сан мәрте құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 қарашадағы Жарлығы бойынша «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конститутциясына 25 жыл» мемлекеттік медалімен наградталды.

Қиын да күрделі саланың бел ортасында жүріп, азаматтардың сотқа жүгіну барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, соттағы әрбір маманға жеке көңіл бөліп, олардың әрқайсысы өз жұмыстарын мінсіз орындауын назарда ұстап, жұмысына бар зейінін салады. Себебі, кеңсе жұмысының ұтымды ұйымдастырылуы – әділ сот төрелігіне деген сенімнің айнасы екенін жете түсінеді. Біз мұны кіршіксіз абырой, адамгершіліктің алтын айдарындай асыл қасиеттерін ұстанған Әлия Умбетқалиқызының өз қызметіне деген ерекше құрмет пен сүйіспеншілігі ретінде бағалаймыз.

         Алда әліде биік шыңдарды бағындырарына зор сенім білдіре отырып, осынау айтулы мереке қарсаңында еліміздің сот жүйесін дамытуға бағытталған қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, кіршіксіз абырой мен сенім биігінен көрінуді тілейміз.

Ақтөбе гарнизоны әскери соты кеңсесінің

бас маманы Құралай Кувандикова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.