Тәуелсіз сот – ел тірегі.

Тәуелсіз сот – ел тірегі.

Жоғарғы Соттың бастауымен сот жүйесінің беделін арттыруға бағытталған үлкен жұмыстар жүргізілуде. Сот жүйесінде судья лауазымына тағайындау қиындатылып, ал сот процесіндегі күрделі рәсімдер қысқартылды, жеңілдетілген тәртіппен қарауға жататын істер саны көбейді, татуласу рәсімін дамытуға бағытталған нормалар қабылданды және тағы да басқа шараларды айтуға болады.

Сот жүйесінде белгілі бір уақыттағы нәтижелерді өткен жылмен салыстыру тоқтатылды. Басты талап -  істерді заңды, әділ және жедел қарау. Халықтың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейі, судьяның белгілі бір іс жөнінде әрекетіне байланысты, себебі әрбір істің артында азаматтың тағдыры, қоғам мен мемлекеттің мүддесі тұр. 

Қазақстан мен ағылшын соттарын салыстырып көрейік. Англия мен Уэльстің соттары әлем мойындаған сотқа деген сенімнің эталоны болып табылады. Англия мен Уэльс соттарының жағымды жағы – бұл сот практикасын қолданып, қабылданатын шешімді болжау мүмкіндігі.  Нақты айтсақ, істі қарау барысында бұрын осыған ұқсас іс болған болса, сол істі үлгі ретінде басшылыққа алып, бірдей шешім қабылдауға тиіс. Осылайша, соттардың тәуелсіздігі де, процеске қатысушылардың заң мен сот алдындағы теңдік принципі де қамтамасыз етіледі.

Тағы бір артықшылығы – егер жауапкер сотқа тиісті түрде шақырылса, кез-келген істі қарау мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Демек, кез келген ұлт өкілі ағылшын соттарында тараптар бола алады, әсіресе бұл жағдайды әр түрлі елдердің кәсіпкерлері мен ұйымдары белсенді түрде қолдануда.

Ағылшын соттарында сот шешімдері нақты және уақытылы орындалады себебі, көптеген елдермен халықаралық келісімдер жасалған  және арнайы сот бұйрығы институтын қолданады. Мысалы, тараптың мүлігінің орналасқан жеріне қарамастан, мүлігіне иелік ету құқығын шектеп, жауапкерге өзге міндеттерді жүктейтіндігі, сот төрелігін жүзеге асырумен қатар сот актісін орындауға ықпал етеді.

Алайда, Англия мен Уэльс соттарында елеулі кемшіліктер бар. Олар: істерді қарау мерзімдердің болмауы; аккредиттелген кәсіби өкілдерді тарту қажеттілігі; әрбір сатыда істерді қарау үшін мемлекеттік баж мөлшерінің үлкендігі.

Өз кезегінде, біздің заңнамада мұндай кемшіліктер жоқ. Атап айтсақ,  Қазақстанда қаралатын іс бойынша қиындықтар мен заңнамалық шектеулер тудырмайтын істер бойынша шекті мерзімдер белгіленген; азаматтар өз мүддесін өзі қорғай алады немесе қалаған заңгерді таңдай алады, соған орай заңгерлердің кең таңдауы қарастырылған; мемлекеттік баж айтарлықтай төмен, апелляциялық сатыға жүгінген кезде мемлекеттік баж төленбейді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маманы М.Аккузова

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.