Жеке сот орындаушысымен кезекті дау бейбіт жолмен шешілді

Жеке сот орындаушысымен кезекті дау бейбіт жолмен шешілді

Атқарушылық іс жүргізу құжаты бойынша борышкер азамат Д. әкімшілік сотқа жеке сот орындаушысының әрекетсіздігіне дау айту талабымен жүгінген.

Арызында жауапкердің Заң талаптарын толық орындамай алимент өндіру туралы атқару парағын уақытында жұмыс орнына жолдамауы салдарынан берешек ақша туындағандығын және сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерімен келіспейтіндігін көрсеткен.

Татуластыру рәсімі барысында судья алимент  өндіріп алушы азаматша С-ны қатыстыра отырып, татуласу туралы келісім жасасу арқылы дауды аяқтау мүмкіндігін, оны жасасудың салдары мен артықшылықтарын және тараптарға кәмелетке толмаған төрт бірдей балалардың жағдайын ескеруді түсіндірді.

Нәтижесінде тараптар келісімге келді, оның шарттары бойынша:

Жауапкер – жеке сот орындаушысы атқарушылық іс бойынша алименттерді мәжбүрлеп өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша сот орындаушысының  қызметіне ақы төлеу мөлшерін 50 пайызға дейін төмендетуге, яғни 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде және атқарушылық іс бойынша қандайда-бір мүлікке тыйым салу әрекетін қолданбауға;

Талап қоюшы азамат Д. жеке сот орындаушының қызметіне ақы төлеу мөлшері бойынша белгіленген соманы – 20 000 (жиырма мың) теңге – 01 сәуір 2022 жылға дейін төлеуге міндеттеме алды.

Бұл ретте назарға ұстар ең басты нәтиже – татуласу рәсімі барысында ерлі-зайыптылар бір-бірімен татуласып, қайтадан бір отбасында тұруға шешім қабылдады.

Сонымен, соттың белсенді рөлі қағидатын жүзеге асыру барысында әкімшілік істің мәні бойынша алдын-ала құқықтық пікірімді білдіріп, соның нәтижесінде қысқа мерзім ішінде тараптар арасындағы келісім сот ұйғарымымен бекітіліп, әкімшілік талап арыз қайтарылды.

Нәтижесінде талап қоюшының құқықтары қалпына келтірілді, ерлі-зайыптылар бір-бірімен татуласты, ең бастысы балалар толық қанды отбасында өсетін болады.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Жанжалдарды бейбіт жолмен шешу кез-келген дауларды аяқтаудың ең тиімді әдісі екені анық.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.