Сот тапсырыс берушінің құқықтарын қорғады
Алматы аудандық сотында Астана қаласының тұрғынының соманы өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы талап қою арызы қаралды.
Талап арыздар тараптар арасында шкаф жиһазын жасау туралы ауызша келісім жасалғандығымен негізделген. Жауапкер материалды сатып алу үшін аванс ретінде 50 000 теңге және 30 000 теңге мөлшерінде алдын ала төлем ретінде ақшалай қаражат алды.
Келісімшартты орындау мерзімі келді, алайда жауапкер жиһаз жасау бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамады, яғни сапасыз және толық емес, талапкердің бірнеше рет жасаған өтініштері оң нәтиже бермеді. Талапкердің айтуынша, жауапкер жаңа сылтауды ойлап тауып, міндеттемені орындаудан жалтарған.
АК-нің 268-бабы бойынша борышкер кредитордың пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасауға, атап айтқанда ақша төлеуге міндетті, ал кредитордың борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқығы бар.
Сот іс материалдарын зерттеп, талап қоюшының пайдасына жауапкерден 50 000 теңге өндіріп алды.
Шешім заңды күшіне енді.
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық соты
[xfvalue_img]