Тәуелсіздік-басты құндылық

Тәуелсіздік-басты құндылық

Тәуелсіздік  ұғымы бұл баға жетпес асыл құндылық. Биыл біздің  еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл-ата-бабаларымыз аңсаған, қазақ мемлекеттілігін, бостандығын нығайтудағы маңызды кезең. Тарихи тұрғыдан алғанда, отыз жыл-бұл қас-қағым кезең екені анық. Алайда, көптеген халықтар үшін бұл қиындықтар мен қуаныштардың, дағдарыстар мен өзгерістердің тұтас дәуірі. Біз сол жолмен жүріп келеміз.

Егемендігіміздің осы бір жеткен шыңында әр көкейде «Біз Отыз жылда не нәрсеге қол жеткіздік?», «Біз келешек ұрпаққа қандай елді сеніммен тапсыра аламыз?», «Мемлекеттілігімізді нығайту үшін тағы не істей аламыз?» - деген сансыз сауалдар туындайтыны анық.  Осы тұрғыдан алғанда, бұл өткенге оралу, жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз туралы ойлау, арманымызды жүзеге асыру және болашаққа жаңа серпінмен қадам жасаудың маңызды сәті.

Тәуелсіздіктің отыз жылында іске асқан ауқымды игі істерді саралауға болады. Олардың әрқайсысы өзінің мақсаты бойынша ғасырдың ауыртпалығын көтереді.

Халқымыздың сан ғасырлық тарихында бостандық үшін жан алып, жан беріскен кезеңдер аз болмады. Сол қиын кезеңді артқа тастап, ұлы жеңісіміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен мемлекет ретінде жарқын болашаққа қадам басуымызға көпшілік күдікпен қарағаны рас.

Бірақта, елдің еңсесі құлазымады, тұралап қалған ел экономикасы жанданып, халқымыздың арманы асқақтап, мемлекет дамуының айқын келбеті, даңғыл жолы қалыптасты. Мемлекетіміздің негізі қаланып,  рәміздеріміз жасалды, билік жүйесі қалыптасты. Біздің ұлттық валютамыз айналымға түсіп, қарулы күштеріміз құрылды, ата заңымыз қабылданды. Шет елдермен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Біздің еліміз беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі болды.

Дамудың даңғыл жолына бағыт бастайтын «Қазақстан – 2030» бағдарламасын қабылдадық. Шекарамызды тұтастай шегендедік, елді ядролық қарудан толық тазарттық. Еуразия кіндігінен қазақстандықтардың мақтанышы әрі кейінгі ұрпаққа тарихи мұра болар елордамыздың жаңа келбетін қалап, әлем көз тіге қарар маңызды саяси алаңға айналдыра алдық.

Отандық бизнестің іргетасы қаланды. Жастар әлемнің жетекші университеттерінде оқи бастады. Ұлттық қорымыз құрылды, бұл бізге түрлі дағдарыстардан аман өтуге мүмкіндік берді. Әлемге тарыдай шашыраған қазақ баласын өз Отанына шақырып, халықтардың ұлы қоныс аударуына жол аштық. Нәтижесінде ел қалпына келіп,  ұлттық рухымыз көтерілді.

Мемлекетіміздің ұстанымы нығайып, экономикалық әлеуетіміз өсті, елдің әлеуметтік жағдайы жақсартылды. Өндіріс пен өнеркәсіп қызметі жанданып, әлеуметтік-мәдени нысандар бой көтерді. Сырт мемлекеттермен ынтымақтастық, достық, дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылып, маңызы зор тиімді шешімдер қабылданды. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызға түгендеу жүргіздік.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездеріне, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиттеріне, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және басқа да бірқатар маңызды халықаралық жобаларға бастамашылық жасадық.

Әрбір бағыт бойынша «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» ауқымды бағдарламалары іске асырылды. Саяси және экономикалық реформалармен қатар рухани жаңаруға назар аударылды.Жоғалтқан ұлттық құндылықтарды, тіліміз бен дінімізді  қайта орнаттық. «Қазақстан - 2050» стратегиясын қабылдап, дамыған отыз елдің қатарына кіруге нық сеніммен қадам бастық.

Осы жетістіктердің барлығына көреген басшылықтың, халқымыздың даралығы мен даналығының, ынтымақ пен бірліктің, еңбексүйгіштігінің арқасында қол жеткіздік.

Ендеше, өшпес қан мен тердің, қайсарлық пен жігердің отымен келген ұлы жеңісіміз тәуелсіздігімізді бағалап,  жеткен жетістігімізді жоғалтпай, ұлттық бірегейлігімізден, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізден ажырамай асқақ арманмен болашаққа беттеу басты парызымыз.

         Тәуелсіздігіміз баянды, тұғыры биік, елдігіміз мәңгілік болсын!

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Ботагөз Нұрмағамбетова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.