ЕЛОРДАЛЫҚ СОТТА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ЖҮЙРІКТЕРІН АНЫҚТАУ  САЙЫСЫ ӨТТІ

ЕЛОРДАЛЫҚ СОТТА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ЖҮЙРІКТЕРІН АНЫҚТАУ САЙЫСЫ ӨТТІ

 

Биыл еліміз ең қастерлі құндылығымыз, еркіндік есігін айқара ашқан Тәуелсіздіктің торқалы 30 жылдық мерейтойын санаулы күндерден кейін атап өтпек.

Қилы заманды бастан кешірген қазақ халқы «Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранмен ана тілін жоғалтып алмауға тырысты.

Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктеген жылдары ұлттың ұйтқысы саналатын ана тіліміздің аясы кеңейіп, құлашын кең жайып, дамуы да тиісті деңгейге қойылды.

Ата заңда көрсетілген мемлекеттік тіл – қазақ тілі еліміздің барлық аумағында  қоғамдық қатынастардың  барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, білім мен ғылымның, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып  табылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қалатынын еске салып, болашағын Отанымызбен  байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиістігін баса айтты.

Ана тілдің қадір-қасиетін, сөз құдіретін ұғыну әрбір азаматтың парызы болғандықтан, бабадан мирас боп қалған тіліміздің құнарлы қазынасын сақтап қалып, дамытуға сот саласының қызметкерлері де өз үлестерін қосып жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы Тлектес Ешейұлының бастамасы негізінде, Судьялар Одағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен,  торқалы той қарсаңында қалалық сотта судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен үш кезеңнен тұратын  бір аптаға созылған сайыс өткізілді.

Жарысқа  елордалық соттардың 103 судьясы мен 86 сот қызметкерлері қатысып, 189 сайыскер бақтарын сынап көрді.

Сайыстың басты мақсаты орыс мектебін тәмамдаған және өзге ұлт өкілдерінен құралған судьялар мен сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілде ойын жеткізуін, тіл байлығы мен мәдениетін анықтау болды.

Бірінші және екінші кезеңдер ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының және жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өнегесі мен мұрасын танып білуге, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталды.

Сайыскерлер бірінші кезеңде  ұлы ойшыл Абайдың  өз заманының ғана емес, қазіргі заманауи қоғамның бейнесін суреттеген қарасөздерінде айтылған ой-тұжырымдардың мән-маңызын ашып, ойларын ортаға салды.

Ұлы ақынның ойынан тағылым алған сайыскерлер екінші кезекке өтіп, ұлы жазушы, қоғам қайраткері, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармалары мен әңгімелерін баяндап берді.  

Жарыстың үшінші кезеңі «Тәуелсіздік жылдардағы еліміздің жетістіктері», «Тәуелсіздік жылдардағы менің жетістіктерім», «Өмірдегі менің жетістіктерім», «Сот қызметіндегі есте қаларлық оқиға» және еркін тақырыпқа мемлекеттік тілде эссе жазумен ұштасты. 

Сайыс барысында әр қатысушы дана қазақтың өнегелі мәдениетін, тектілігін, терең тарихын, тілінің көркемдігін жеткізуге тырысты.

Комиссия мүшелерінің құрамына М.С.Нәріқбаев атындағы ҚазМЗУ университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Зекенова Ажар, М.С.Нәріқбаев атындағы ҚазМЗУ университетінің филология ғылымдарының  доценті Примбетова Маржан, Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьялары Айсұлу Сламбекова, Оралхан Тұрсынов, Ақмарал Көшербаева, Сара Қаракөзиева және Соттар әкімшісі басшының орынбасары Гүлнұр Тлеукенова кірді.

Шоқтығы биік тұлғалардың  төл шығармаларын мемлекеттік тілде майын тамызып баяндап берген сайыскерлер  алғашқы ондыққа ілінді.

Білікті мамандардан жасақталған комиссия мүшелері сайыстың нәтижесінде жүлделі орындарға қол жеткізген үздіктерді анықтау үстінде.

Жүзден жүйрік жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара барысында өткізілетін болады. 

Ал, елордалық сот төрағасының бастамасымен өткізілген ұлттық рухқа қанат бітіретін сайыс әр қатысушының бойына төл туындылармен танысып қана қоймай, мұрасы мол қазақ халқының елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырғаны сөзсіз.

Жеңімпаздар келесі материалда жарияланатын болады.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.