Қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіру
Процестік шығындарға Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің 22-тарауының 177-бабымен белгіленген.
процестік шығындардың өндіріліп алынуы қылмыстық процестік кодекстің 178-бабымен белгіленген тәртіпте өндіріліп алуға жатады.
Процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде қарайды. Егер іс бойынша іс жүргізу қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде аяқталса, тергеу судьясы процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені прокурордың ұсынуы бойынша қарайды. Сот процестік шығындарды күдіктіге, айыпталушыға, сотталған адамға жүктеуi мүмкiн немесе олар мемлекет есебiне қабылданады.
Сот аудармашыға төленген сомаларды қоспағанда, процестік шығындарды сотталған адамнан өндіріп алуға құқылы. Процестік шығындар жазадан босатылған сотталған адамға да жүктелуі мүмкін.
Процестік шығындар өндіріп алынуға тиiс адам мүлiктiк жағынан дәрменсiз болған жағдайда, олар мемлекет есебiне қабылданады. Егер процестік шығындарды төлеу сотталған адамның асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететiн болса, сот сотталған адамды процестік шығындарды төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұйрықты іс жүргізу тәртібімен айыптау үкімін шығарған кезде сот сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып, оны процестік шығындарды төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.
Iс бойынша бiрнеше сотталушыны кiнәлi деп тани отырып, сот процестік шығындар олардың әрқайсысынан қандай мөлшерде өндірілуге тиiс екенiн белгiлейдi. Бұл ретте сот сотталған адамның кiнәсiнiң сипатын, оның қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылық дәрежесiн және мүлiктiк жағдайын ескереді.
Сот кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша процестік шығындарды төлеуді кәмелетке толмаған адамның ата-анасына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға жүктей алады.
Сотталушы жекеше айыптау iсi бойынша ақталған кезде сот процестік шығындарды шағымы бойынша iс жүргiзу басталған тұлғадан толық немесе iшiнара өндіріп алуға құқылы. Іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған кезде процестік шығындар сотталушыдан өндіріп алынады.
Күдікті, айыпталушы қайтыс болған жағдайда, олардың мұрагерлері процестік шығындарға байланысты міндеттемелер бойынша жауаптылықта болмайды.
Процестік шығындарды өндіріп алу құқығы соттың тиiстi шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл өткен соң ескіруіне орай тоқтатылады.
Процестік шығындар туралы деректер болған жағдайда, осы баптың алтыншы бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қылмыстық қудалау органы процестік шығындарды өндiріп алуды қамтамасыз ету шараларын қолдануға мiндеттi.
Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы А.О.Батырханов.
[xfvalue_img]