Бүгінгі жетістік - отыз жылғы жанкешті еңбектің жемісі

Бүгінгі жетістік - отыз жылғы жанкешті еңбектің жемісі

Тәуелсіздік ел болу, ұлт ретінде өзіндік бағыт-бағдарыңды белгілеп, келбетіңді сақтау - үлкен арман.

Бабаларымызға ертегідей көрінген осы бір тәтті арманның орындалғанына да отыз жыл толған екен.

Тәуелсіз елдің азаматы атанып, Қазақстанның жеке мемлекет ретінде қалыптасу, даму, көркею тарихына куә болу біздің маңдайымызға жазылған екен.

Енді осы қолымызға қонған бақтан ажырап қалмай, тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында еңбек ету, ел дамуына үлес қосу баршамыздың азаматтық борышымыз.

1990 жылғы 25 қазанда жарияланған "Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы" Декларациясы тәуелсіздікке қол жеткізудің алғышарты болды.

Ал "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңының қабылдануы әлем картасында жаңа мемлекеттің пайда болғанын айғақтады.

Осы тұста мемлекет тізгінін ұстап, егемен елде жасалған алғашқы қадамдардың басы-қасында тұрған азаматтарға үлкен жауаптылық жүктелді.

Қай кезде де шешім қабылдаудың, тәуекел етудің қиын болатыны белгілі.

Егер бұл жеке адамның тағдырына емес, жалпы мемлекеттің тағдырына қатысты шешім болса жауаптылықтың еселене түсетіні айтпаса да түсінікті.

Осындай қиын да күрделі шақта дұрыс бағдар белгілеп, жолбасшы бола білген, ізінен жалпы жұртты ілестіре білген Елбасының шеберлігі, ерлігі туралы айтпай кетуге болмайды.

Өйткені егемен елде қол жеткен жетістіктер тұңғыш Президенттің салиқалы саясатының жемісі. Елбасы Қазақстанның беделін көтеріп, әлемде танымал болуына еңбек сіңірді.

Мемлекетте жаңғыртулардың, жаңарулардың болуына мүдделік танытты. Өсемін, дамимын, сол арқылы елімді танытамын деген жандарға барынша қолдау көрсетті.

Білім, ғылым, руханият, денсаулық, құқық, сот, экономика мен отандық өндірістің ешқайсысы Елбасы назарынан тыс қалған жоқ.

Осы уақытқа дейін жасалған Жолдаулардың барлығы Қазақстандағы іргелі істердің қозғаушысы, бағыттаушысы іспеттес.

Барша жұртқа бағдар болған Жолдаулардың нәтижесінде барлық саланың жұмысы алға басты, халықтың әл-ауқаты өсті, елдің танымалдығы артты.

Соның ішінде отандық сот саласының да халықаралық талаптарға сәйкес үлкен реформаларды басынан кешіргеніне халық куә.

Еліміздің Бас заңы - Конституцияда сот жүйесінің мәртебесі нақтыланып, судьялардың тәуелсіздігіне толық кепілдік берілді. 1994 жылдың 12 ақпанында "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысы шықты.

Аталмыш қаулыда республикадағы сот жүйесін реформалау туралы жан-жақты айтылды.

Атап айтқанда, сот әділдігін өміршең етуде соттардың кәсіби деңгейін көтеру, оларды ұйымдық жағынан нығайту, іс қарауда соттардың ешкімге тәуелді болмауын тиімділікпен арттырудың жаңа жобасы жасалды.

Сондай-ақ, жалпы соттар мен төрелік сотқа жіктелудің де қажет емес екенін анықтап берді.

Қаулыда судьялардың әлеуметтік жағдайын арттыру да маңызды мәселе ретінде қаралып, судьялардың құқығын мемлекеттік тұрғыдан және отбасы мүшелерін әлеуметтік тұрғыдан қорғап, қолдаудың үлгісі нақтыланды.

  Осы уақытқа дейін атқарылған оң реформалардың нәтижесінде қазақстандық сот дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәселестік индексі жариялаған рейтінгісінде «Сот тәуелсіздігі» аталымы бойынша өз көрсеткішін  көптеген позицияға жақсартты.

Бұл көрсеткіштің артында Мемлекет басшысының қолдауынан бөлек, Жоғарғы Сот тізгінін ұстаған төрағалардың біліктілігі, судьялардың бірлігі, жұмыла жасаған берекелі жұмысы жатыр.

Егемен елдің еңсесін тіктейтін бастамалар жалғасты болғай.

 Убайдолла Қошанов 

Нұр-Сұлтан қаласы

Алматы аудандық 2 сотының судьясы,

заң ғылымдарының кандидаты                                           

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.